Кейбір жеңгейлер


» Өз сүйгенін әркім қымбат санайды,
кей жеңгейлер «»меңгеріп»» ап ағайды,
«»Жалғыз соның бабын тапсам жарар»», — деп
өзгелерге тайтұң-тайтұң қарайды.
Отырған соң ағай үлкен орында
жел үргендей көңілі өсер оның да.
«»Үй жұмысы – міндеті, — дер, — кемпірдің»»,
қайтер еді ертең сол қарт жоғында?
Оған — барқыт, шыт тиіпті әжейге
жолдасының анасы оған өгей ме…
Қарт киініп шалқып жүрсе, өзгелер:
«»Келіні бір тәуір жан-ау»», -демей ме?!

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *