«Жасымнан ұнатып ем бір жігітті,
сүюдің қиындығын кім біліпті.
Көз қырын тастамай ол өте берді,
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.
Әдейі оны күнде жанап өтем,
ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен,
көңілдің жайлауында сайран салып,
жаныңды талай күйге салады екен.
Сол жігіт білсең атын өлең деген,
жымияр: «Саған оңай көнем бе мен!» –
Ерте-кеш болса да бір естір ме екем
бір сөзін «»Сені жақсы көрем!»» деген…
Фариза Оңғарсынова