Сандуғаш


» Кеудеме сандуғаш құс түнеді ме –
шақырды менімәңгі Күн еліне.
Әуені тыншытпайды, әлде әнші құс
ұясын салды ма екен жүрегіме?..
Бар досым былай қалып, бар құрдасым,
сол әуен болып алды жанмұңдасым.
өңімде, түсімде де көкірегімнен
қанатын қағатындай талдырмаш үн.
Самға енді жүректерге, сандуғашым,
тебіренсін балғын әнге бар жылдасым.
Бақыттан баз кештірген балаң үнім
тербетсін Отанымның тау, жылғасын!..

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *