ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ФРАНЦИЯДАҒЫ САЯСИ ОЙ ТАРИХЫ

ХХ ғасырдағы Франциядағы саяси ілімдер өзінің құрылуы мен даму кезеңіне байланысты екі сатыдан өтті. Бірінші кезең өткен ғасырдың соңынан басталып, ІІ дүниежүзілік соғыспен аяқталады. Екінші кезең соғыс кезеңінен кейінгі мерзімнен басталып, қазірге уақытқа дейін жалғасуда. Саяси ғылымның Конституциялық құқықтан біртіндеп бөлініп шығуы бірінші кезеңге тән сипат еді. Бұл процесс үш жолмен жүрді.

Бірінші жол конституциялық құқықтың саясаттануымен, яғни конституциялық құқықтың дәстүрлі шеңберіне саяси мәселелерді енгізуінің есебінен және оның кеңеюімен байланысты. Конституциялық құқықтың саясатпен байланыса бастауын А. Эсмен өзінің 1895 жылы жариялаған «Конституциялық құқықтың элементтері» еңбегінде қарастырады. Бұл еңбекте дәстүрлі конституциялыққұқықтық мәселелермен қатар, қоғамдағы «саяси күштер ойыны» туралы мәселелер де зерттелді. Конституциялық құқықтың саяси мәселесіне Л. Дюги мен М.Ориу тоқталды. М. Ориу саяси сараптаудың маңызды компоненті болған институт ұғымын қалыптастырды.

Екінші жол конституциялық құқықтың әлеуметтенуімен, яғни оның дәстүрлі шеңберін алғашында АҚШ тың саяси ғылымында пайдаланып, кейіннен Еуропа құрлығында де кең дамыған позитивистік бағытты нығайту арқылы сипатталады. Позитивистік бағыт конституциялық құқықтың зерттеушілерін сараптаудың әлеуметтік әдістерімен қаруландырды, сонымен қатар бүкіл конституциялық-құқықтық мәселелерге әлеуметтік бағыт берді. Конституциялық құқықтың әлеуметтенуінің нәтижесінде француз саяси ілімдерінің жүйесінде саяси әлеуметтану өкілдерінің басымдылығы пайда болды.

Зерттеушілердің конституциялық құқықтың шеңберінен мүлдем шығып кетуі үшінші жолға тән болды. Бұл үшін орыс профессор – заңгері М.Я. Острогорскидің 1903 жылы Францияда жарияланған «Демократия және саяси партияларды ұйымдастыру» атты еңбегі өте маңызды импульс береді. Бұдан кейін осы еңбекке ұқсас көптеген француз зерттеушілерінің, соның ішінде А. Зигфридтің 1913 жылы жарық көрген «Франциядағы партиялардың суреті» атты кітабы, сонымен қатар заң шығарушы, атқарушы және қоғамдық биліктің қызмет етуінің өзекті мәселелеріне арналған М. Шевальенің, М. Прелоның, А. Сульенің және т. б. монографиялары пайда болды.

Францияның қоғамдық-саяси ілімдерінің жүйесінде радикалды өзгерістер ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін болды. Халықтың саясатқа белсенді араласуы, саяси өмірдің күрделенуі, конституциялық құқық ғылымы нақты жауап бере алмайтын көптеген күрделі саяси мәселелерді қойған жаңа қоғамдық-саяси қозғалыстардың және институттардың пайда болуы бұл үшін үлкен түрткі болды.

1960–1970 жылдары француз саясаттанушыларының (М. Прело, Ж. Баренс, Ф. Буррико, Ж. Бюрдо, Р. Арон, М. Дюверже, М. Ориу, М. Гравитц, Ж. Ведель, Б. Де Жувенель және т. б.) бірқатар еңбектері пайда болды. Еңбектерде француз саяси ғылымы және оның негізгі мәселелері кең талқыланған.

Соғыс жылдарынан кейінгі кезеңдерде француз саяси ғылымының ерекшелігі басқа мемлекеттердегі саяси ғылыммен салыстырғанда, нақтырақ белгіленді. Ерекшелік француз саясаттанушыларының ең алдымен ілімнің мынадай салаларына: саяси институттар және қатынастар; сайлау және сайлау жүйесі; қоғамдық басқару және саясат салаларына көп көңіл аударуынан білінеді. М.Ориу француз саяси ойларындағы институт теориясын құрушы ретінде есептеледі. Ол бұлконцепцияны 1906 жылы жасады және оны өзінің «Институт теориясы және оның негіздері» атты еңбегінде тұжырымдады. «Әлеуметтік витализм очерктері» (1925) атты ғылыми диссертациясы бұл идеяны мықтап ғылыми түрде шегелеп алды. М.Ориудың ойы бойынша, институт дегеніміз – нақты әлеуметтік ортада жүзеге асатын белгілі бір идея. Осы идеяны жүзеге асыру үшін әр түрлі әлеуметтік топтарға өздерінің органдары мен өкілеттіктерін ұсынатын билік кеңінен қолданылады. Идеяны жүзеге асыруды көздейтін әлеуметтік топтардың мүшелерінің арасында билік органдарымен бақыланатын және процедураның ережелерімен реттелетін сәйкес қатынастар пайда болады.

М. Дювержеге сәйкес, «институттар адами қатынастардың танымал моделі болып табылады. Сол адами қатынастардан тұрақты, орнықты және біріккен мінезді иеленетін нақты қатынастар көшіріледі. Осындай қасиеттердің арқасында олар кездейсоқ, тұрақсыз және орнықсыз болып келетін институциялық модельдер шеңберінен тыс пайда болатын қатынастардан ерекшеленеді» делінген. Кез-келген институт екі элементтің: солардан шығатын сол институттық модельдер мен нақты қатынастар құрылымының органикалық бірлігі болып табылады. М. Дюверженің ойынша, маңызды мәселе – құқықпен регламенттелген саяси институттарды, сонымен қатар құқықты толығымен елемейтін институттарды, яғни саяси партияларды, саяси режимдерді, саяси қысым көрсету топтарын, қоғамдық пікірді, бұқаралық ақпарат құралдарын насихаттауды және т. б. зерттеу.

Сайлау және сайлау жүйесі өзіне француз саясаттанушыларының назарын аудартқан ілімнің басқа саласы болып табылады. Сайлау туралы айтар болсақ, онда олар не қызмет жасайтын, не енді қайтадан құрылып келе жатқан институттардың бос орындарына үміткерлерді таңдау үшін пайдаланатын, сәйкес сайлау процедураларының ережелері бойынша өңделген емтихандық тест ретінде қызмет етеді.

Қоғамдық басқару және саясат – француз саясаттанушыларының қызығушылығын тудыратын ілімнің тағы бір саласы. Қазіргі Францияның саяси өмірінде қызмет ететін екі қарама-қайшы үрдіс – мемлекеттік басқаруды нығайту және қоғамдық өзіндік басқаруды қалыптастыру берілген сала өкілдерінің сараптау объектісінің артықшылығы болып табылады деп көрсеткен.

Қоғамдық өзіндік басқару теориясына қызығушылық француз қоғамының саяси өмірінде ортағасырлардан жалғасып келе жатқан терең дәстүрлі идея. Қоғамдық өзіндік басқару жобаларының әр түрлерін француз әлеуметтанушы-утопистері (Мелье, Морелли, Мабли, Дешан, және т. б.) де қарастырған. Сондай-ақ бұл идея Француз революциясының теориясы мен практикасында да өзінің көріністерін тапқан. Франциядағы 1968 жылғы мамыр-маусым оқиғалары бұл идеяларды қайта жандандырды, сонымен қатар оларға анық байқалған жалпы демократиялық бағытты берді. Бұл кезде саяси өзіндік басқару концепциясын алға шығарған француз әлеуметтанушылары ерекше белсенділік танытты. Бұл концепцияның негізгі принциптері мыналар:

  1. саяси мақсаттарға қол жеткізудің әдісі ретінде демократиялық күштерді біріктіру;
  2. әртүрлі деңгейдегі билікті децентрализациялау;
  3. мемлекет пен биліктің қоғамдық органдарының арасындағы өзара қатынасты реттеу саласындағы саяси партиялардың рөлін жоғарлату.

Мемлекеттік органдар көбірек басқарып, азырақ әкімшілік ету – олардың басты тезисі. Сонымен қатар шешімдерді дербес қабылдайтын жергілікті ұжымдардағы, аймақтардағы және азаматтардағы биліктің максимумына негізделген VІ Республиканы бекітуді ұсынған француз экологистері қоғамдық өзіндік басқару бағдарламасымен шықты.

Бұл мәселеде атақты француз әлеуметтанушысы және саясаттанушысы М. Крозьенің өзіндік ұстанымы бар. Бір жағынан, ол қоғамдық өзіндік басқару идеясының утопиялық және тіпті, қауіпті сипатын көрсеткен. «Өзіндік басқарудың жақтаушылары игілікті, бірақ іске аспайтын мақсатты қудалайды. Бұл мақсатқа деген талпыныс мәнсіз және қауіпті болып келеді және ол кез-келген билікті жоюға даяр» деген. Екінші жағынан, М. Крозье әкімшілік жүйе, басқару, шешімдерді қабылдау, мемлекеттік араласу және бақылау әдістерімен байланысты жаңа әлемге бейімделу үшін жаңаруы қажет дейді.

Раймон Арон (1905–1983 жж.) – Францияның саяси әлемінде күрделі және ерекше бейнелі тұлға. Ол философия, тарих, әлеуметтану және саясаттанудың әр түрлі мәселелеріне арналған көптеген ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады. Олардың қатарына мыналар жатады: «Тұлға тиранға қарсы» (1946 ж.), «Ірі бөліну» (1948 ж.),

«Соғыс өзінің салдарымен» (1951 ж.), «Интелектуал апиыны» (1955 ж.), «ХХ ғасырдағы сынақ алдындағы демократия» (1960 ж.), «Әлем және ұлттар арасындағы соғыс» (1962 ж.),

«Демократия және тоталитаризм» (1965 ж.), «Еркіндік туралы эссе» (1967 ж.), «Саяси зерттеулер» (1972 ж.), «50 жылдағы саяси ойлар» (1983 ж.).

Р.Арон саяси теорияны өңдеу кезінде адами қоғамдастықты екі түрге: жеке емес саяси және жеке саяси деп бөліп көрсетеді. Р. Аронның еңбектерінде саяси билік мәселелері өте маңызды орын алады. Р. Арон ең алдымен билікті метафизикалық және заңды түсінуден аулақ болуға шақырады. Берілген билік шындығында қандай екендігін, ол қалайша нақты саяси өмірде таратылатынын, бұл билікті тікелей таратушылардың жеке қасиеттерді иеленетінін, саяси шешімдер қабылдау процесінде қандай автономиялық деңгейі бар екенін білу қажет деп ескертеді. Қоғамда билікті тарату туралы, нақтырақ оның дисперсиясы, көптеген субъектілер арасында ыдырап кетуі туралы мәселе – Р. Аронның саяси теориясындағы басты идеяларының бірі. Билік дисперсиясы қоғамның саяси өміріне бірталай әсер етеді. Бір жағынан, ол ондағы демократиялық үрдістерді нығайтады, себебі нақты адамдар тобының, билік элиталарының қолында биліктің шоғырлануына кедергі жасайды. Екінші жақтан, билік дисперсиясы оның жоғарғы өкілдерінің, ең алдымен саяси шешімдерді қабылдауда жауаптылардың беделін көтереді. Бұл саяси шешімдердің нәтижесін қоғамның барлық мүшелері сезінеді деп көрсетеді.

Р. Аронның ойынша, соңғы жағдай билікті персоналдау туралы мәселені өзекті мәселеге айналдырады. Бұл мәселеге көп көңіл аудару қажет, себебі билікті персоналдауға деген үрдіс әмбебап сипатқа ие. Ол өзі туралы саяси тарих дамуының қиын жағдайларында, яғни, стандартқа келмейтін саяси шешімдерді қабылдау қажеттілігі туған кезде еске түседі. Қандай да бір саяси лидердің қызметіндегі жеке және легитимді беделдің қосылуы билікті персоналдауды білдіреді.

Адамзат өз дамуында көптеген егеменді құрылымдарға бөлініп тұрған уақытта, авторитарлы тұлғалар өздерінің шешімдері арқылы өздеріне миллиондаған ұқсастарды анықтайды. Сондай-ақ мұндай тұлғалардың рөлі ядролық дәуірде де өсіп келеді. Плюралистік қоғамда бұл рөл билік дисперсиясымен теңелсе, ал тоталитарлық қоғамда ол тираниялық сипатқа ие болады.

Р. Арон халықаралық-саяси теориясын және халықаралық қатынастарды дамыту идеясына да көп көңіл бөлген. Халықаралық қатынастар саласында, Р.Аронның ойынша, екі әдіс: рационалды схематизм және социологизм бір-біріне өзара әсер етеді және өзара толықтырады. Рационалды схематизм өкілдерінің көзқарасы бойынша, халықаралық қатынастар теориясы бақылаушы объектіден тапқан барлық рационалды элементтердің саналы реттелген түйіні болып табылады. Мұндай түсінікте мемлекеттер арасындағы, яғни, мемлекетаралық қатынастар артықшылық бойынша халықаралық қатынастар мазмұны болып табылады.

Социологизм туралы айтсақ (Р. Арон өзін осыларға жатқызады), онда олар халықаралық қатынастар жүйесінде қоғамдық және жеке өмірдің рационалды элементтерін ғана емес, барлығының рөлі мен маңызын табуға талпынады. Бұл мағынада халықаралық қатынастар туралы ғылым мемлекетаралық сахнада және ұлттық сахнада болып жатқан көптеген байланыстарды мойындамауы мүмкін емес. Халықаралық қатынастар әлеуметтануы мемлекеттер арасындағы қатынастар сипатына осы мемлекеттер ішінде болып жатқан көптеген факторлардың үлкен әсер етуінен шығады. Мұндайларға қандай да бір мемлекеттің күш факторы және әлсіздік факторы жатады.

«Ұйымдасқан мемлекеттер арасындағы сауданы зерттей отырып, мамандар әлсіздік артықшылығы әлем үшін күш артықшылығы сияқты қауіпті екенін ұмытып кететінін Р. Арон атап көрсеткен. Қарулы жанжалдардың болуына себепші аймақтар көбінесе құлап жатқан саяси бірліктер аймағы болып табылады». Зайырлылық плюрализмі, сонымен қатар өзіндік мақсат, өзіндік амбиция және өзіндік құндылықтар жүйесі бар автономды құндылықтар мен қоғамдастықтардың плюрализмі фактор бола алады. Қорыта айтқанда, өркениет даму тарихында өз шешімін ешқашан таппаған ұжымдық және индивидуалдық тірі

қалу мәселесі халықаралық қатынастар әлеуметтануының басты мәселесі болып табылады.

Морис Дюверже (1917 жылы туған) – француз саяси ғылымының ірі өкілі.

М. Дюверже ғылыми-зерттеу және ғылымипедагогикалық сипаттағы көптеген жұмыстарды жариялаған. Солардың ішінде: «Курс конституционного права» (1946, оқулық), «Политические партии» (1951 ж.), «Методы политической науки» (1959 ж.), «Политические режимы» (1961 ж.), «О диктатуре» (1961 ж.), «Методы социальных наук» (1964 ж.), «Введение в политику» (1964 ж.), «Социология политики» (1966 ж.), «Демократия без народа» (1967 ж.), «Политические институты и конституционное право» (1970 ж.), «Янус. Два лица запада» (1972 ж.), «Социология политики: элементы политической науки» (1973 ж.), «Республиканская монархия» (1974 ж.), «Открытое письмо социалистам» (1976 ж.), «Обратная сторона вещей» (1977 ж.), «Республика граждан» (1982 ж.), «Полупрезидентские режимы» (1986 ж.) және т. б.

М. Дюверже зерттейтін негізгі мәселелердің шеңберін үш топқа біріктіруге болады. Бірінші топ теориялықәдістемелік сипаттағы мәселелерді қамтиды. Оларға ең алдымен саясаттану ілімдерінің әр түрлі салаларын шектеу мәселесі жатады. Бұл ілімде саяси әлеуметтануды, саяси психологияны, саяси философияны ерекшелей отырып, М. Дюверже 60-жылдары жазылған өзінің еңбектерінде біріншіге көп назар аударған. Ол саяси әлеуметтану саяси ілімнің ең кең саласын білдіреді, себебі билікке, басқаруға және беделге негізделген адами қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды деп есептеген.

Кейінірек, М. Дюверже саяси ілімдердің әртүрлі салаларына өзінің түсінігіне маңызды түзетулер енгізді.

«Социология политики: элементы политической науки» еңбегінде ол саяси әлеуметтану емес, ал саяси ғылым саяси құбылыстар туралы кең түсінік береді, себебі дәл сол саяси ғылымның үш басты бөлігін қамтиды: саясаттың әлеуметтік сараптауына кіріспе, үлкен саяси жүйелерді суреттеу және саяси ұйымдарды зерттеу.

М. Дюверженің ойынша, саяси ғылымның пәнінің түсінігін анықтау – маңызды теориялық-әдістемелік мәселе болып табылады. Берілген мәселе бойынша дауда екі концепция қарама-қарсы келеді. Біріншісі – ертеректегі және саналы ойға жақын болып келетін саяси ғылымның пәні мемлекет болып табылады. Екіншісі – Батыста кеңірек тараған концепция саяси ғылымды билік туралы ғылым ретінде қарастырады. М. Дюверже өзін екінші концепцияны ұстанушы санап, ол біріншіге қарағанда артық көрінетінін түсіндіреді, себебі ол мемлекеттік билікті басқа қоғамдастықтағы биліктермен қарамақайшы қоя отырып, оның табиғатын зерттеу үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар оның ойынша, екінші концепция саяси ғылымның пәнін түгелімен ашпайды, себебі «әсер» сияқты түсінікті шетте қалдырады. «Билік» және «әсер» – жақын болғанымен де, ұқсас түсініктер емес. Қоғамда жүзеге асатын кез-келген билік әсерді білдіреді. Бірақ бір жеке тұлғаның екіншіге тигізер әсері билік ретінде қарастырылады. Нақты саяси өмірде әсер биліктің басты бағытын сипаттайды және көп жағдайда оны толықтырады.

М. Дюверже өңдеп шығарған мәселелердің екін ші тобын демократия мәселелері құрайды. Бұл мәселелерді зерттей отырып, М. Дюверже ең алдымен батыс мемлекеттерінің демократиялық дамуының тәжірибесін ұғынуды ұсынады. Оның ойынша, соңғылары плутодемократия шарттарымен, яғни, билікті бір уақытта халық та (demos), байлық та (plutos) иеленетін саяси басқару шарттарымен өмір сүреді. Плутодемократия екі түрлі формада болады: либералды демократия және

технодемократия. ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде өмір сүрген либералды демократия үшін либералды идеологияға сәйкес келетін индивидуалды құрылым тән. «Бірбіріне қарсы тұратын және әр түрлі салада жарысатын индивидтердің және индивидтер тобының агломераты» болып табылатын «экономикалық олигархия» либералды демократияның қайнар көзі болып табылады. Бұл билік маман саясаткерлерден, мемлекеттік қызметкерлерден және қоғамдық пікірді қалыптастыратын тұлғалардан (М. Дюверже олардың қатарына мұғалімдерді, профессорларды, тәрбиешілерді, журналистерді, жазушыларды, дін қызметкерлерін жатқызады) тұратын «орта және аралық таптар» өкілдері арқылы жүзеге асады деп көрсеткен. Жеке меншік, кәсіпкерлік бостандығы, бәсекелестік, табыс жарысы «орта және аралық таптар» өкілдерінің тіршілік әрекетінің маңызды қағидаттары болып табылады.

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған технодемократия үшін қоғамның саяси өмірінің барлық саласында технократиялық үрдіс тән. Бұл үрдістерді сараптай отырып, М. Дюверже технодемократияның рөліне жан-жақты баға береді. Бір жағынан, либе ралды демократияға қарсы ол экономикалық олигархияның халықтық бұқараға бақылауын қиындатады. Технодемократия шарттары бойынша, саяси партия лар мен кәсіподақтар ұйымдары өзінің мүшелеріне экономикалық олигархияға қарсы әрекеттену үшін үлкен (сонымен қатар материалды және ұйымдық) мүмкіндіктер ұсынады. Екінші жағынан, технодемократия экономикалық олигархияның халықтық бұқараға бақылауын жеңілдетеді. Мына айтылған технодемократия шарттарымен әлеуметтік келісім нығайтылады, қоғамдағы халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік қарамақайшы тұруын әлсіретеді. Тоталитарлық-диктаторлық режимімен бірге капитализмге қарама-қарсы жүйенің өмір сүруі батыс әлеміндегі әлеуметтік келісімді және ондағы әлеуметтік-таптық антогонизмді одан әрі нығайтты.

Плутодемократия қандай формада жүзеге асса да, ол нағыз демократия емес. М. Дюверженің айтуынша, плутодемократия басқа: ол қарапайым және нақтырақ болып келеді. Ол 1793 жылғы француз Конституциясында жазылған «халық үшін және халықтың әр бөлігіне бостандық» арқылы анықталады. Туғаны бойынша, сәтті тағдыр бойынша, қызмет бойынша, білім бойынша парасаттыларға ғана бостандық емес, сонымен қатар өмірдің, білімнің, әлеуметтік теңдіктің және саяси тепетеңдіктің жоғары деңгейін білдіретін үшін шынайы бостандық деп атап өткен.

Сонымен М. Дюверженің өңдеп шығарған мәселелерінің үшінші тобына саяси партиялар мәселесі жатады. Осы мәселелерге қарай отырып, М. Дюверже екі басты мәселені қояды: біріншісі, саяси партиялар қаншалықты демократиялы, яғни олар кең бұқараның көзқарастары мен мүдделерін қаншалықты білдіріп, жүзеге асыра алатындығы және екіншіден, қай режим демократиялы: партиялық па, әлде партиялық емес пе? Бірінші сұраққа жауап бере отырып, М. Дюверже қазіргі саяси партияларды ұйымдастыру көп жағдайда демократиялық қағидаттарға сәйкес келмейтінін айтқан. Олардың ішкі құрылымы көп сипаттары бойынша автократиялы және олигархиялы болып келеді. Саяси партиялардың басшылары ереже бойынша, орталық арқылы таңдап алынады немесе көшіріледі. Олар өзінің жиынтығымен қоғамнан және партияның қатардағы мүшелерінен бөлінген жабық топты құрайды. Олардың негізгі саяси шешімдерді қабылдау басымдығы бар.

Саяси партиялардың жалпы эволюциясы олардың демократиялық режимнің нормаларынан айрылуын нығайтады. Партияның басшыларымен салыстырғанда, партия мүшелерінің рөлі минимумға дейін жететін саяси партияларды орталықтандыру үрдісі нығаяды. Сайлау процедуралары формалды болады. Олар мәні бойынша, саяси лидерлерді іріктеудің антидемократиялық практикасын заңды етеді.

Саяси басшыларды халықтық бұқарадан бөліп тұратын кедергілер сақтады және нығаяды, оның нәтижесінде қатардағы мүшелердің әрекеті бостандығы кеміп, жоғарыдан әсер ету мүмкіндігі артады. Партиялық басшыларды сынау көп жағдайда тоқтаусыз мадақтаумен ауыстырылады.

Саяси партиялардың эволюциясы парламентік қызметке де үлкен әсер етеді. Ол сайлаушылармен де, партиялық қызметшілермен де алдын-ала анықталады. Оның нәтижесін, басқарушы органдарға бағынатын аздаған партиялық мүше топтары мен белсенді сайлаушылар бұқарасына басымдылық көрсеткен жағдайда болады. Сонымен қатар партиялық қызметшілер қоғамдық пікірді қаншалықты білдірсе, соншалықты қалыптастырады. Олар бұл пікірді насихаттау көмегімен құрады, оған өзіне тиімді фонды қалыптастырады.

Екінші сұраққа жауап берсек, М. Дюверже партиялық жүйе өзінің кемшіліктеріне қарамастан партиялық емес жүйеден жақсырақ деген қорытындыға келді. Партиясыз жүйені партиялық жүйемен салыстырғанда, демократиядан алшақ тұрады, себебі ол туған, байлық немесе қызмет құқығы бойынша қалыптасқан басқарушы элиталарды мәңгі есте сақтауды қамтамасыз етеді; ценздық сайлау құқығына сәйкес келеді немесе қоғамның пікірін білдіруден алшақ болып келетін басшыларды халыққа байлау арқылы сайлау құқығын сендіруге талпынысты білдіреді; мемлекетке белсенді қарсы тұратын саяси өмірге әсер етудің ұйымдасқан түрлерін халық бұқарасымен бірге ғасырлап қалыптасқан дәстүрлі іздеуді лақтырады.

М. Дюверженің ойынша, саяси режимдердегі саяси партиялардың рөлін анықтамағанша, қазіргі саяси режимнің мәнін түсіну мүмкін емес. М. Дюверженің көзқарасы бойынша, саяси партиялар қоғамның саяси өміріндегі прогрессивті өзгерістерді ұстанушылар болған және болады, олар саяси күштердің оң флангісіне қарағанда, сол флангісіне жақынырақ болады. Міне, сол үшін қоғамдағы күштер әрекеттерін сендіруге талпыныста оң күштерге көмек көрсету белсенді саяси өмірден саяси партияларды шығаруды білдіреді.

Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: саяси институттар, халықаралық қатынастар, саяси партиялар, партиялық жүйе, саяси лидер, саяси билік, саяси жүйе, саяси тәртіп, авторитаризм, плутодемократия.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Францияның қоғамдық-саяси ілімдер жүйесіне радикалды өзгерістер қашан енді?
  2. ХХ ғасырдағы Француздық саяси ілімдер өзінің құрылуы мен даму кезеңінде неше сатыдан өтті?
  3. Плутодемократия мен нағыз демократияның айырмашылығы неде?
  4. М.Дюверже бойынша технодемократияның қоғамдағы рөлін атаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық. – Алматы, 2007.
  2. Современная буржуазная политическая наука. Проблемы государства и демократии. – М., 1982.
  3. Вятор Е. Социология политических отношений. – М., 1979.
  4. Демидов И.А., Феодосеев А.А. Основы политологии. – М., 1997.
  5. Вебер М. Политика как призвание и профессия // Избранные произведения. – М., 1990.

Реферат тақырыптары:

  1. Француз саяси мектебінің қалыптасу ерекшелігі.
  2. Раймон Аронның саяси көзқарасы.
  3. Морис Дюверже – француз саяси ғылымының ірі өкілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *