Одағайлар, көбінесе, естілуінше жазылады. Сондықтан бір одағай екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін: ойпырай, ойпырой, ойпыр-о-ой, ойпырмай, ойпырмау; япырмау, япырау; уа, аһ, уай, уау, уа-а-а, уһ.
Бір сөздің екі-үш (кейде төрт рет) қайталанып айтылуы одағайларда жиі кездеседі, ондайда араларына дефис қойылады: әй-әй, жәжә, беу-беу, ха-ха-ха, ай-ай-ай, моһ-моһ, шөре-шөре. Түбір сөз тұтасымен қайталанбай, жеке дыбыстары қайталанып айтылуы да (созып айту) – одағайларға тән құбылыс, мұндайда да қайталанған дыбыстар дефис арқылы жазылады: еһе-һе-һе, қа-а-п, бәрекелдіі, ура-а-а, ә-ә-й.
Рабиға Сыздықова