ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ


Жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып қысқарған сөздер бас әріптермен жазылады, ол әріптердің ара-арасына ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ҒА (Ғылым академиясы).

Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен қысқарып жасалған сөздің алғашқы қысқарған буынының бірінші әрпі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылып, кейінгі әріптер бас әріппен жалғастырылып жазылады: КазТАГ (Қазақ телеграф агенттігі), КазМУ (Қазақ мемлекеттік университеті).

Буындардан және буын мен тұтас сөз араласып қысқарған сөздер кіші әріптермен бірігіп жазылады: ауатком, Түрксіб.

Адамның аты-жөні (көбінесе өз есімі мен әкесінің аты) қысқартылып, бас әріппен белгілегенде, әр әріптен кейін нүкте қойылады: А.С.Пушкин, М.Горький, М.О.Әуезов, С.Мұқанов.


Рабиға Сыздықова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *