КЕДЕЙЛІК ТУРАЛЫ

Асқа бағу (жарымай отыру
Ата — бабасынан түк көрмеу
Аузы аққа жарымау
Ауы атқа, аузы асқа жарымау
Биті балағына түсу
Битін қуырып жеу
Битін сығып, қанын жалау
Жұрдай болу
Ері мойнына кету
Ер тоқымын арқалап қалу
Иті үрмей, түндігі ашылмай қалу
Кедейдікі көзеде
Кедейдің аузы аққа тисе мұрны қанайды
Кедейдің жеті қаңтаруы бар
Кедейдің терісі қалың
Кедейге келер жеті қырсық бар
Келте тон
Қалтасы жұқа/ тесік/
Қара қасқа кедей
Қара сирақ кедей
Қара табан
Қолы қысқа
Қызыл сирақ кедей
Маңдайында түгі жоқ
Негізі жарымау
Сыйпай жалақ болу (тоймай, жарымай қалу)
Сіңірі шыққан кедей
Сирағы шыққан кедей
Тақия тамтығы қалмау*/бір нәрсенің соңында ұзақ жүру/
Тақыр кедей
Тап -тақыр жарлы
Тапқаны тамағына, жұтқаны жұмырына жетпеу
Тесік өкпе
Тышқақ лағы жоқ
Үрерге иті, сығарға биті жоқ
Шыр бітпеген кедей
Шілдесінде шырақ көрмеу
Ындыны жарымау
Ыңыршағы шыққан кедей

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *