Ешкім іздеп келмеді, сұрамады

Ешкім іздеп келмеді, сұрамады,
Иә, ұмытып кеткен ғой, сірә, бәрі…
Тереземнің алдында тұрмын үнсіз,
Тереземнің алдынан түн ағады…

 

Ешкім сұрап келмеді, іздемеді,
Ізім-қайым жанымның ізгі өлеңі.
Сарғайған көңілімді жасырайын,
Кім жеткізіп салады күзге мені?!

 

Ешкімді де күтпейін, сұрамайын,
Таңғы тұман –  сейілер, мына уайым.
Мені ұмытып кеткен ғой, сірә, бәрі…
Ал, мен қалай есімнен шығарайын?!

 

Ызғар соғып, қуарып жатқан гүлдей,
Жүрек жүдеп, жан тозған шақтар бірдей…
Білем, бәрі өткінші, ұмытылар,
Тереземнің алдынан аққан түндей…

 

Мерген Тоқсанбай

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *