Мерей Қартов
Білім жарысы
Таң атасын оқу оқып түнімен,
Тербелесің үкілердің үнімен,
Қобалжисың топтан қалай озам деп
Жаралып-ап кітап деген сұлымен.
Білім сайыс болғаннан соң шабысы,
Арындайды арғымақтар ағысы,
Қосылады әрбір жердің дүлдүлі,
Болғаннан соң білімдінің жарысы.
Түскенінде жел жүйрікпен жарысқа,
Арман шіркін кетеді екен алысқа.
Шапқан кезде білім атты көмбеде,
Наркескендей салмақ түсер намысқа.
Озсан егер абыройға бөленіп,
Қаласын сен тілектерге кенеліп.
Бақ қатпайды басыңдағы азғантай
Шешіп жатса дұрысымен төрелік.
Белді бекем жарыстарға буып түс,
Қарақылдай қақ жарады әділ іс.
Қап түбінде қара жерде жатпайды,
Жарқ етеді жасындайын нақ күміс.