Жүрекке орнатып бір мезгіл,
Ең суық және де ең ыстық.
Сезімдер бола алған күзге гүл,
Біздерге тар бірақ кеңістік.
Бұлақтар сезімтал сылдырау,
Жанымнан жыр болып бөлініп.
Өзіңсіз өмірім бұлдырау,
Барлығы баянсыз көрініп.
Пенделер, періште қайыңдар,
Күн кешер бір бағыт бойымен.
Сен күткен мазасыз уайымдар,
Алысып жүрегі ойымен…
-Барады жанарлар қоштасып,
Қан жұтып, қимастық қаңғытып.
Біздегі сезімді қозғасып,
Қара жол қалады шаң жұтып.
Кездескен бір жүрген көктеммен,
Сағыныш жаралы мол түнде.
Ең қысқа күндерім өткенмен,
Ең ұзақ бақытым сол күнде.
Еламан Аманұлы