Ақталу репликасы

Сен айтқандай албастымын жындымын,
Осы болсын өтіріксіз шындығым.
Жығылғанға жұдырықшыл қоғамда,
Бұл күндері елеп жатыр кімді кім.

Сен айтқандай оңбағанмын,оңбаған
Баса алмаған тіршілікке оң қадам.
Сенің таза жүрегіңді кірлеткен
Мен болайын соңғы адам.

Сен айтқандай ақымақпын,аңғалмын
Аңғалдықпен талай істі аңғардым.
Сен арқылы өзімді-өзім жазғырып,
Өзіме өзім таңғалдым.

Сен айтқандай бойымда жоқ ұнар түк,
Тәңір маған солай қойған сын артып,
Өзге үшін өзін-өзі жазғырмас,
Жындылардың күйі менен мың артық.

Сен айтқандай кейіпкерге ендім сұм,
Жалған уәде, өтірікке сендім шын.
Мені осындай жынды күйге түсірген,
Сен кімсің?

Еламан Аманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *