Балалар туралы әлемдегі ең қызықты деректер  


1.    Сейшель аралдарында Балаларды қорғау мерекесі 1 күн емес, 1 ай бойы тойланады екен.
2.    Корей балаларының жасы құжат бойынша әлемдегі өзге құрдастарынан 9 айға үлкен болады. Себебі, олар сәбидің ана жатырында өткізген 9 ай уақытын заңды түрде жас мөлшеріне қосып, есептейтін көрінеді.
3.    Марокколық сұлтан Исмаил – әлемдегі ең көп перзент сүйген кісі болып тіркелген. Ол жаугершіліктен қолға түсірген 500 күңінен 700 ұл бала тапқызған. Ал қанша қыз бала сүйгені туралы тарихта айтылмайды, мынадай көрсеткішпен, жалпы 1000-нан аса баланың әкесі атануы да әбден мүмкін.
4.    3-4 жастағы балалар күніне 900 сұрақ қойып, 12000-ға жуық сөз айтады екен. 5.    Дүние есігін жаңа ашқан сәби көк түсті көрмейді.
6.    Әлем бойынша Нигерия – егіздер көп туылатын мемлекет болып саналады. 7.    23 жастағы румыниялық Рифка Станеску – әлемдегі ең жас әже атанды.
8.    Бүгінде әлем бойынша көп таралған есімдердің бірі – Мұхаммад.  Себебі, мұсылман отбасындағы бірнеше балалы ата-ана, тым болмаса бір баласына осы есімді береді.
9.    Әлемдегі ең ақылды бала ретінде 11 жастағы египеттік тұрғын танылған.
10.  Дүние есігін енді ашқан нәрестенің қолдары 1 айлық баланың қолдарынан әлдеқайда қүшті әрі қатты болады екен.
11.  Статистика бойынша, сейсенбі – балалардың ең көп туылатын күні. Ал айлардан – қаңтар және наурыз.
12.  Швецияда 12 жасқа толмаған балаларға жарнамаға түсуге тыйым салынған. 13.  Жапонияда балаларға дөрекі сөйлеуге болмайды.
14.  3 жастағы баланың шуы  200 ересек адам бірге шулаған даусынан қаттырақ шығады.
15.  Жаңа туған нәрестенің жүрегі ересек адамдардың жүрегінен тезірек соғады. 16.  Жаңа туған нәресте көзін сирек жыпылақтатады.
17.  Бала бір мезетте 5 қызмет атқара алады.
18.  Қытай балабақшасына екі айлық баланы да тапсыруға болады.
19.  Ұлыбританияда біреудің баласына ескерту жасауға қатаң тыйым салынған. 20.  Жапонияда ата-аналар жиналысы болмайды екен.
21.  Бразилияда баланы қатаң жазалау түрлерінің бірі – футбол ойнатпау.
22.  Бельгиялық балалар мектеп табалдырығын 3 жасынан бастап аттайды.
 23.  Балалардың құқығы мен еркіндігі жағынан Канада бірінші орында тұр.
 24.  Балалардың ең жақсы көретіндері – мультфильм мен тәттілер.



 Дереккөз: Kazakh-tv.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *