(«Словарь латинских крылатых слов» кітабынан, Издательство «Руский зык», 1980)
Ab urbe condita — Қаланың (Римнің) негізі қаланғаннан бері (От основания города, то есть Рима) – римдік жылнама дәуірінің басталған кезі. Данышпан тарихшы Тит Ливийдің осы аттас кітабы болды. Онда Римның негізі қаланғаннан бастап б.э. 9 жылына дейінгі аралықтағы тарихы баяндалған.
Aeterna urbs — Мәңгі қала (Вечный город) – Римді әсірелеп осылай атаған.
Anno post Roman conditam – Римнің негізі қаланғаннан кейінгі жыл (В год после основания Рима) – римдіктердің жыл санауда қолданған формуласы.
Aut Caesar, aut nihil – Не Цезарь, болмаса – ешнәрсе (Или Цезарь, или ничто) — Николо Макиавеллидің шығармасындағы әскери қолбасшы Чезаре Борджианың ұраны.
Ave, Caesar, imperator, mortituri te salutant – Өлімге бас тіккендер сенің саулығыңызды тілейді, Цезарь, император — (Здравствуй, Цезарь, император, идущие на смерть приветсвует тебя) – рим гладиаторларының императорға айтқан құрмет ретіндегі үндеуі.
Beati possidentes — Басып алғандар бақытты (Счастливы владеющие) – неміс канцлері Бисмарктің ресйхстагта сөйлеген сөзінен алынған, яғни ол «белгілі бір территорияны менікі деу үшін оны басып алып, иемдену қажет» деп есептеген.
Bellum omnium contra omnes – Бәрінің барлығына қарсы соғысы (Война всех против всех) – ағылшын философы Т.Гоббстың (1588-1679) «Левиафан» атты шығармасында қолданылған қанатты сөз.
Caesarem decet stantem mori – Цезарь өлімді қасқайып тұрып қарсы алады (Цезарью подобает умереть стоя) – император Веспасианның өлім алдындағы сөзі.
Casus belli – Соғыстың себеі (Случай войны) – соғысты бастауға себеп болатын нәрсе.
Citius, altius, fortius – Тезірек, Биігірек, Күштірек (Быстрее, выше, сильнее) – 1913 жылы Халықаралық Олимпиялық комитетімен қабылданған Олимпиадалық ойындардың ұраны.
Сivis Romanus sum – Мен рим азаматымын! (Я римский гражданин) — осы сөз тіркесімен орасан зор азаматтық құқықтарға ие болған адамды айтқан.
Classicus scriptor – Классикалық жазушы, классик (Классический писатель, классик) – жер иелігіне байланысты адамдар 5 классқа бөлінген, 120 мыңнан асса жері (5 га жоғары) бар адам ғана 1 классқа жатып, оны классик деп атаған.
Кейін «үлгілі», «бірінші» деген мағынада да қолданылып, жазушыларға да айтылатын болды.
Ego sum rex Romanus et supra grammaticos – Мен рим азаматымын және мен грамматикадан тыспын (Я римский гражданин и я выше грамматиков) – император Сигизмундттың сөз сөйлеу кезінде жіберген қатесін бетіне басқан кезде айтылған сөз.
Ex fontibus – Түпкі көздерден (По источникам, по первоисточникам) – тарих ғылымының сүйенетіні түпкі көздер екені анық.
Famae etiam jactura est pro patria — Отан үшін даңқты да құрбан етуге болады (Ради отчества следует жертвовать даже славой) – б.э.д. 217 жылы диктатор болып сайланған қолбасшы Квинт Фабии Максимның карфагендіктерден жеңілгеннен кейін, Италиямен арадағы жорықта тағы да жеңіліп қалам ба деген ниетпен асқан сақтық көрсетті. Шабуыл жасауда батылдық таныта алмады. Әріптестері оған сын көзбен қараған сәтте ол өзінің бұрыңғы даңқын сақтау үшін осы сөзді айтқан еді.
Gens una sumus — «Біз – бір тайпамыз» («Мы – одно племя») – Халықаралық шахмат федерациясының ұраны.
Magnum aevi spatium — Ұзақ уақыт аралығы (Большой промежуток времени) – «осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген Демосфеннің дәуірі адамның қысқа өмірімен салыстырғанда ұзақтау көрінеді, әйтсе де барлық планеталар өз орнына келетін он екі мың тоғыз жүз елу төрт күнді «шындыққа толы ұлы жылдың» ұзақтығына қарағанда жақындау көрінеді». Бұл Тациттің «шешендер туралы диалогында» жазылған ой болатын.
Nervus belli — «Соғыс нерві» («Нерв войны») – соғыстың қозғаушы күші әрқашандла ақша деген ұғымды беретін бейнелі сөз.
Res publica est res populi — Республика халық ісі болып табылады (Республика является делом народа) – Цицеронның «Республика туралы» атты кітабынан алынған цитата.
Vae victis — Жеңілгендердің қайғысы екі есе болады (Горе побежденным) – б.э.д. 387 жылы галлдықтар римдіктерді ойсырата жеңіп, Римді қоршап алды. Римдіктер амал жоқтықтан келісімге келді. Жеңген жағы мың фунт алтын алуға тиісті болды. Сол сәтте галлдықтар дұрыс емес гірді әкеліп аласыларын өлшеп жатты, оны байқаған римдік трибун қарсыласып еді, әйтсе де оспадарсыз галлдық гірге өзінің қылышын тақады да «Жеңілгендердің қайғысы екі есе болады», -деді.