+12
Соңғы жылдары әр мереке қарсаңында діни түсініктерін тұрмыстық өмірге, басқа да көп нәрселерге араластыратын ағайынның қарсылық білдіруі жиілеп келеді. Соның басында Жаңа жыл мерекесі мен Сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі тұр. Негізі бұл екі мерекенің адам денсаулығына зияны жоқ, бірі отбасына асықтыратын , ал екіншісі сен үшін аяулы жандарды құттықтайтын күн. Ешқандайда діни көзқарасыңа зиян келтіріп, алла жолынан адастыратын дәстүрі жоқ. Ал аяз атаға өлең оқып, тақпақ айтып сыйлық алуды «ширк» дейтін ағайын болса, онда оларға мұндай мақаламен көмектесу қолдан келмейді.
Кеше ғана инстаграм желісінде теолог, имам, дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы да Жаңа жылдың діни мереке емес екенін, оған бола сонша шу көтеру керек жоқ екенін ескертті. Сонда да біздің оқырмандарымыз үшін арнайы ғалымдар мен дін мамандарының жауаптарын ұсынғанды жөн көрдік.
Сұрақ: Жаңа жыл мен Рождество жайында мәлімет бересіз бе? Жаңа жыл тойлауға болады ма?
Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі бір емес, бірақ Рождество тойлаудың жалғасы болып саналғандықтан, жаңа жыл түнін христиандар сияқты тойлау, шыршаны кесіп, үйді шыршамен безендіру жаиз (рұқсат) емес. Өйткені мейрамдарында олар сияқты көңіл көтеру – оларға ұқсау болып табылады.
Діни кітаптарда жазылған:
Рождество күнінде және түнінде кәпірлердің пасха және діни мейрамдарында олар сияқты тойлаған адам күпірге түседі.
Иә, рождество діни мереке, ал Жаңа жыл күнтізбенің жаңа күні ретінде ғана аталып өтеді.
Сонымен қатар, күркетауық жеме, шырша кеспе деген мұсылмандардың өз мерекелері қандай болады деп бір шолып шықтық!
Фотосуреттер:
Мұсылмандардың ашура мерекесі…
Бангладештегі құрбан байрам мерекесінен кейінгі көше…
Ал төменде қазақтың ұлттық мерекесі Наурыз тойы: