Оралхан Бөкей

Бәрі де майдан

Ардақты әкем Бөкей мен

Аяулы шешем Гүлияға арнадым.

Автор

1

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына отыз жыл толып, ұлан-асыр той, телегей-теңіз қуаныш болып жатқан мамыр айының жайма-шуақ күнінде, дәлірек айтсақ, май айының тоғызында ағаштан қиып салған төрт бөлмелі үйдің есігі таңертеңнен кешке дейін ашылған жоқ. ауыл-аймақ, көрші-қолаңның бар-барлығы тайлы-таяғы қалмай клубта өтетін мерекелік жиналысқа кеткен. ал түтіні де шықпай, есігі тарс жабылып тұрған үйдің иесі – ақан болса, ертелетіп тұрып, шағыр қасқа биесін ерттеген де, дәл іргеде шошайып көрінген Ұзақ тауын бетке алып, аттанып кеткен-ді. ақан шалдың бұл жұмбақты аттанысын сиыр сауып, өріске мал қосып жүрген көршілері әр саққа жүгіртіп, сүт пісірімдік әңгіме-өсектің арқауына айналдырды.

– Ауырып жатқан кемпірін жалғыз тастап, қайда қаңғып барады?..

– Үш күн болды тірі жанмен тілдеспей, қабағынан қар жауып жүр.

– Алыстағы баласы жаманаттан аман ба екен?

– Мұғалім қызы қайда екен?

– Облысқа жиналысқа кетіпті.

– Ескі ауруы қайта көтеріліп жүр-ау байғұстың…

– Енді өлсе де арманы жоқ. Балалары жетті.

– Алманың қаны таси берді-ау. Кешелі-бүгін тәуір ғой деймін. Көңілін де сұрамадық. Не десек те бірге өсіп, біте қайнасқан замандасымыз еді. – Бұл сөзді айтқан – ері отыз жыл бұрын соғыстан қайтпай қалған Бәтіш кемпір.

Осы кезде ақан үйінің оң жақтағы көршісі Құмырай шықты. Есік алдындағы тақтай табалдырықта тұрып, аузын арандай аша есінеді. Содан соң ақсаңдай басып басқыштан сақтана түсті де, қора айналып келді… Әйелдер жағы Құмырайдың бұл көргенсіздігін көрмегенсіді. ақсаңдай басу өзіне соншалықты жарасарын ежелден білетін ол қойқаң-қойқаң етіп, әйелдерге жақындады.Жатса да, тұрса да салақтап кеудесінде жүретін жалғыз медалі сол орнында – кір басып, әбден тозығы жеткен, жаға-жеңі қырқылған гимнастеркасында ырғаң-ырғаң етеді.

Бұл жалғандағы жалғыз-ақ мақтанышы еді. Одан артық сый-сияпатты әсте де дәметкен емес. Осыдан үш жыл бұрын өкімет берген «Запорожец» машинасын ұлы тау мен тасқа айдап шағып тастаған, жатыр әне үй іргесінде итаяқ болып. Шырпы басын сындырмайтын кержалқау жан атасына нәлет соғыста бір сирағын тізеден төмен садақалады да, пенсиясын алып, аман қалған жанын күйттеп жатып алды. алғашында осы ауылға жарық берер моторды кешке оталдырып, түн орталай сөндіру жұмысында жүрді. Былтырдан бері ол жұмысты ортаншы ұлына тапсырды да, өзі ертеңді-қара кеш дүкеннің алдында, темекісін бұрқыратып ары өткен, бері өткен ауыл адамдарына әр нәрсені айғайлап айтып, ерігіп отырар еді. Келімді-кетімділерден жүз грамм дәметкіш көңіл пайғамбар жасына келген қарт солдаттың беделін түсіріп-ақ жүр. Қайтеді енді, өзі қорғап қалған бейбіт өмірдің шуағына еркелегені ғой…

– Әй, рәзия, шай қойдың ба? – деп дауыстады, екі иығы имиіп, мойын ағашпен су әкеле жатқан кемпіріне.

– Түкпіш-ай, көрмей тұрсың ба, суды жаңа әкеле жатыр ғой.

Тесік өкпесін сүйреп әрең жүр, аясаңшы жазғанды.

– Жаның ашыса, анау шөпжелке қыздарыңа айтсаң еді, екі шелек су әкеліп тастасын.

– Сойталдай үш ұлың бар, қатын неге әпермейсің? – деді әлгі кемпір.

– Сенің қыздарыңды тосып жүр.

– Байсыз қалса да сендей заржақпен құда болмаспын.

– Өйтіп ерегістірсең ертең-ақ алып беремін.

– Дәмесінің зорын. Пішту.

Осымен сөз бітті де, көршілер тарай бастады. Өз-өзінен ерігіп тұрған Құмырай дау-дамайын жалғастырар адам таппағанына өкінді ме, шаптыққан дауыспен әйеліне зікір салды:

– Ыбылжымай шай қойсаңшы! Бүгін жеңіс күні. Клубқа жиналысқа шақырған.

– Жауды жалғыз өзің жеңгендей желікпеші. Өзім де өлейін десем қолым тимей, етегіме сүрініп жүрмін. – Күйіп кетті ғой деймін.

Ерінің бетіне тура қарап айтқан сөзінің алды осы еді. Күйеуі шатынай қарады. Тіпті жүзінде әлгі сөзді шынымен- ақ анау жел соқса құлағалы тұрған кемпірі айтты ма дегендей таңданыс бар. Қапелімде не дерін білмей сасқалақтады да. ал анау болса түсі сұп-сұр болып, еңгезердей шалына түсінбей, тепсініп тұр.

– Соғыс кезінде қанатынан қайырылмаған сұңқар, тұяғынан айырылмаған тұлпар қалып па еді. Көбінің сырты бүтін болғанмен, іші түтін. Екі аяқ, екі қолы сау демесең. ақаннан артық азап шекпеген шығарсың. Отыз жылдан бері язбі жөлетке, асқазанына ас батпайды. Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ ішкен сенен гөрі иманды. Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Сенің балаларыңа дейін өзіңе тартқан шетінен саудайы.

– Жатыры жаман ғой, жатыры…

– Одан да қаны жаман десеңші.

– Әй, әй әкеңді… саған не болған-ей. Түс көрдің бе? — Құмырай тұтыға тіл қатып еді, әйелі бастырмалатып, бет қаратпай қойды.

– Түс көрмейтін албасты деп пе едің… Көрдім… мойныңа қоржын асып, мәгәзіннің алдында қайыр тілеп отыр екенсің, көшеден шөлмек жинап, арақ іздеп жүр екенсің. ал, ендеше, қылатыныңды қылып ал.

– Отыз жыл бойы тілің кесілгендей, үндемеп едің, отыз жылдан бері маған әзірлеген сыбағаң осы ма… ішіңде ит өліп жатыр екен-ау. ақан итпен араңда бір пәле болған екен-ау, – деп таяғын шолтаң еткізіп ұмтылған. Ұмтылғанымен әйелінің арық қара бетіндегі жүз жылдық зілді, әйелінің шүңірейіп ұясына әлдеқашан кіріп кеткен жансыз жанарынан жанған ашу мен ызыға, зіл-залаға толы отты көріп, тайсақ тартты. Жауын құрты – жылайшандайғұрлы көрмей келген қатқан қара қатыны, әне, уытын шашып, оқ жыланша атысып тұр. Жо-жоқ, бұл алданған екен. Үндемегеннен үйдей пәле шығады деген осы да… Қолындағы таяғын сау тізесіне салып морт сындырды да, лақтырып тастап, амалы таусылғандай, кеспелтек ағаш үстіне отыра кетті.

– Е, бәсе, осылай жөніңе көш, кәрі қақпас. Жұдырық жұмсар күнің өткен. Өне бойымда сенің таяғың тимеген жер қалмады. Гитлерден ары болдың… Құдайға шүкір, араша түсер адамым бар, балаларым ер жетті…

Айғай-шуға елеңдеген көрші-қолаң әрқайсысы өз үйінің есік-тесіктерінен сығалап, қызықтай құлақ түріп тұр еді, сып етіп, көрінбей кетті.

Енді, міне,отыз жыл отасқан әйеліңнен сөз естіп отырғаның.

Басқасы басынбай қоя ма?

Таңғы тәтті ұйқысын қимағандай манаурап жатқан ауылдың отыз жылданберіыңғайырғақпенкележатқан қалыпты тіршілігі қыбыр-жыбыр басталған еді. май айының масайраған күні адамзатқа бүгін де ұлы тыныштық, байсалды өмір тілегендей, сонау миллион жылдан бері өркештеніп, тарихтың өлі куәсі болып жатқан алып таулардың тұтқынынан сытылып босай берді. Түні бойына ұйқының жайлы да жайма-шуақ құшағында тұншыққан қаперсіз ауыл мәңгілік қозғалыстың – өлмейтіндей өр серпіген шаруаның дабылын қайта қақты да, қайғысыз қара суын сораптап ұрттай бастаған.

Бағанадан бері сең соққан балықтай мең-зең отырған Құмырай, алғаш рет тұмсығы тасқа тиген Құмырай, неге екені белгісіз, қолына мылтығын алып, атойлап жауға аттанғысы келді; сыңар аяғымен-ақ алшаңдай басып, алға ұмтылғысы келді; өзінің мүгедек екенін алғаш рет шындап сезініп, әлемдегі талтаң-талтаң басып жүрген мұқым адамдарды өлердей жек көрді. «Жо-жоқ, мен емес, – деді тісін шақыр-шұқыр қайраған қарт солдат, – әсте де мен емес мүгедек» деп, өз кеудесін өзі ұрып қалғанда, тозығы жеткен медаль сылдыр ете қалды. Сонда ғана есін жиғандай, алақанымен сипап көріп еді, орнында екен. Сол жақ аяғын кесіп отынға жаққан жоқ қой. Әуелеп ысқырып келіп, дәл жанына түскен бомбаның жаңқасы жұлып кетіп еді ғой. Қып-қызыл қанға бөгіп, шала-жансар жатқан жерінен орыстың әдемі қызы тауып алған. Бұл тірі қалды деп ешкім ойламап еді. Тек денсаулығының мықтылығынан ғана суішкілігі үзілмей, балдаққа сүйеніп елге оралған. Иә, бұл ақсаңдай басып елге оралғанда осы Жұлдыз ауылының еңкейген кәріден еңбектеген жасына дейін тайлы-таяғы қалмай ұбап-шұбап алдынан шыққан. аудан орталығына арба жіберіп алдырған майдангер азаматты жүрекжарды қуанышпен қарсы алып, қонаққа шақырмаған бірде-бір үй қалмап еді. Сонда ауылдың алжиын деп отырған ақсақалы мұның кеудесіндегі жалғыз медальды ұстап көріп: – Шырағым, мына жарықтықтың күші кімге жетеді? – деп сұрағанда, шімірікпестен: – ата, осы медальдың арқасында екі кісіні сотсыз атып тастауға қақым бар, – деп, кеудесін қағып еді-ау. Содан кейінгі өмірі қызық өткен. ақырып атқа мінді. Жастар өсіп, жарлы байығанша алақандай ауылды аузына қаратты. Баяғыда осы ауылдың ынтымақ атанып тұрған шағында, сары жорғаның үстінде шіреніп отырған Құмырай, қолындағы қамшысын әдейі түсіріп жіберетін, сол кезде үріп ауызға салғандай әдемі қыз-келіншектер таласып әперуші еді- ау. Енді міне… көрінгеннен сөз естіп… әсіресе қой аузынан шөп алмас, момын әйелінің тілі тотияйын болып тигені жанға батады да. Бұл жалғанда мәңгілік не бар дейсің, өтеді-кетеді. атақ, даңқ, дәулет пен бақыт – осының қай-қайсысы да жыл құсы секілді, басына күн орнап, жаның жылағанда ғана ұя салады. Базарың тарқап, күздің суық желі ессе, пыр етіп ұшады да, өзгенің талайына барып қонар.

– Жылан арбап отырсың ба, шайыңды іш, суып қалды. Қайта-қайта самаурын қояр шамам жоқ, – деген әйелінің даусы ойын бөлді. Созалаңдап орнынан көтеріліп, жан-жағын қарманып еді, таяғын таппады. Әлгінде ашумен өзі сындырып тастағаны есіне түсіп, шойнаңдай басып үйге беттеді. Көптен бері майланбаған протез аяғы шиқылдап, тозығы жеткен, тіпті ұмытыла бастаған әуенді қайталады. Осыдан отыз жыл бұрынғы күркіреп өте шыққан соғыстың салдары, бүгінде тым азайып қалған әркімнің әр жерінде сыздатып жүргені рас-ты. ал жанын жаралап, көкірегі мен көкейін кеміктеп жатқаны қаншама? Солардың бірі ақан десек, ол да, әне, шағыр қасқа биесін мініп, тау-тасты кезіп барады.

2

Бір ғана ағыспен өтіп жатқан өмірдің аяқ астынан айран тамған сүттей іріп шыға келуі ақанның көңілінде көгіс тартқан баяғы бір көне жараларын тырнап алғандай еді. Жеңіс күніне бұл да бір кісідей дайындалған. Соңғы аптада ескі сырқатынан ептеп сергігендей болған әйелі алма:

– Шал, елмен көрген ұлы тойға біз де тышқан мұрнын қанаталық. Тоқтының бірін сой, көршілерге тамақ ауыз тигізелік. Осы үйден дәм татпағалы да талай уақыт өтті. Сараңдық жасама, – деп өтініш айтып еді. Соятын тоқтысын таңдап, кешеден бері жем бермей, қораға қамап, пышағын қайрап дайын отырған. Ертең жеңістің құрметіне ұлы жиын болады. Соғыс кезінде жаумен шайқасқан азаматтарды арнайы шақырып, төрге отырғызады екен. Орден-медаль, сый-сыяпат үлестіреді деп, ауыл адамдары қатты дүрлігісіп жүрді. Сый- сияпатын қойшы, оқ пен оттың ортасынан аман қалғандары үлкен сыйлық емес пе; елеп, тамам жұрттың көзінше сахнаға шығарғаны қандай қуаныш. Кейінгі жастардың бірі біліп, бірі білмейтін, сол азапты жылдарды еске алу, есімін атау құрметінен айналмай ма. Егер зәуде сұрай қалса, ақанның да айтары көп еді. Неге екені белгісіз, соғыс кезінде қолына қару алып соғысқандарды, тіпті тылдағы әйелдердің ерлігі көп айтылып, шүкіршілік, назардан тыс қалып көрген жоқ, ал өзінің, иә-иә, «трудовойда» болған өздерінің еңбегі ше… Әйтеуір, бір күні ескерілер, еленер деп үміттенуші еді, ондай атты күн де туды-ау, әйтеуір.

Кеше кешке болатын. малын жайғап, қора маңының бәкін-шүкін шаруаларымен сыртта біраз бөгеліп қалған. Жарықтық күн де қып-қызыл болып, әдемі батты. Баяғыда батыс көкжиекті осы секілді ал қызыл шапақ шарбыласа, жұрт тағы да соғыс болады деп, жаман ырымға жорушы еді. Қазір табиғат бояуының қайсыбір түсіне де көз үйреніп кетті ғой… Иә, енді үйге кіре берем дегенде, астындағы атын арындатып, кекілі шолтаңдаған бала келді шапқылап. алғашында оның суыт жүрісінен секем ала тіксініп қалған. Баяғыда, 1941 жылы да дәл осындай қара бала жеткізіп еді қаралы хабарды.

– Ақсақал, – деді ат үстінен түспей айғайлап. – Құмырай атам үйінде ме екен?

– Жайша ма, ұлым? Үйінде болар.

– Шақырып жібермейсіз бе?

– Шақырайын, – деп қалбалақ қақты. Шапқыншының өңі жылы, жақсылық шығар деген ой жеңдеп, көршісінің есігін ашты. – Құмеке, ау, Құмеке, үйдемісің?

Ақсаңдай басып Құмырай шықты.

– Не болды?Тағы да жау ма?

– Жағыңа жылан жұмыртқаласын. анау бала іздеп келіпті сені.

– Не керек, ей, саған? Қожақтың жынды ұлымысың?

– Иә, сол жынды менмін. Сізді ертең кешке клубта өтер тойға келсін дейді. Ешқайда кетіп қалмасын, жақсылап дайындалсын, сөз береміз, – дейді.

– Өзім де білемін. Қазір бастаса да дайынмын. атаңа нәлет жауды қалай әкесіне танытқанымды ертегі-жыр ғып айтып берейін.

Атты бала шұғыл бұрылып, құйын-перен шапқылай жөнел- ді. Құмырай өзіне-өзі риза болған кейіппен, омырауындағы жалғыз медалін ырғақтата басқыштан түсіп, ақанға жақындады:

– Қалай, құрдас, сені де шақырды ма?

– Жоқ, маған еш нәрсе айтпады.

– Енді, ол жынды ұлдың жазығы не. Тізім бойынша хабарлап жүр ғой. Және де бұл «трудармияның» емес, соғыс армиясының тойы ғой…

– Сен өйтіп оспақтама, – деп шалт кетті әншейінде үнде- мейтін ақан. – Сенің де қиратқаның белгілі. Немістің түр- түсін көрмей жатып, жараланып қайтып келгеніңе мақтанамысың.

– Былжырапсың, – деп қарқ-қарқ күлді Құмырай. – алты жыл бойы көртышқан секілді топырақ қазған сенен гөрі тәуірмін.

Одан ары тәжікелесіп тұра беруді ар санады ма, ақан жедел басып, үйіне кіріп кеткен. «Еще артиллериспен дауласады» деген сөзін естімеді.

Содан түні бойы көз іле алмады. Шалының әлденеге ренжулі екенін сезген алма да әр нәрсені сұрап сөзге тартқан жоқ. Екеуі екі төсекте бүк түсіп жатып қалған. Жан-жақтан қамалап келіп, миын шанышқылаған алуан түрлі ойлар таң атқанша маза бермеген. Биесін ерттеп ерте аттанып кеткені де тірі қорлыққа шыдай алмай, қашаң тартуы еді. Ол ешқашан да елденсаяқкетудікөксегенемес, тек анда-сандаөзатына айтылар қаңқу сөзден ғана безінетін. алпыстан асқан ғұмырында ешкімнің ала жібін аттап, «Әй, сен сондайсың», – деп көрген жоқ. Ең өкініштісі сол – әлгіғайбат сөздер бұған арналатын.

«Тек жүрсең – тоқжүресің» деген сөздің бекерлігін енді ғана түсінгендей. Бұл жалғанда жамандықтан қашып құтылған адамның жоқ екенін білсе де, ізгіліктен де үмітін үзбеген. адамзат жаратылғаннан бермен жағаласа жарысып, өмір атты дәу шананы қосақтала сүйреп келе жатқан Жақсылық пен Жамандық – осы екі ұғымның қай-қайсысы да жер бетінде желе-жортып, сайран салуға қақылы екенін дәлелдеп-ақ келеді. Итжығыспен жеңісе алмай, діңкесі құруға тақағанда, сөз жоқ, сол екі ұғым өкпеге қиса да өлімге қимас туыстықпен аймаласып, бірінің көріне бірі топырақ салар еді. Ендеше, ғұмыр бақида да жеке дара өмір кеше алмас Жақсылық пен Жамандықты таразылап, керегін ғана аламын деуден сорлылық бар ма? «мен бақыттымын!» деп әлемде ешкім айта алар ма екен; ал егер зәуде айтқан адамнан сорлы тағы ешкім жоқ. Күн шықса соңынан қалмайтын, бұлт басса, іздеп таба алмай қалатын сол бақытты ақан әсте де соңынан түсіп, әлдекімдердей сүмеңдеп іздеген емес. Төрткүл дүниені миллиондаған адам секілді бұның да жалғыз-ақ мақсаты болған: тірі жүру, өзінің қалқайып тірі жүруі арқылы бала-шағасын асырау. Сөйтіп, өмірдің алтын арқауына айналған ұрпақ атты ұлы көшті жалғастыру. Кіндіктен тарар жібек жіпті үзіп алмау. Бұдан артық бақытты тауып көрші! Өмір дегеніміз ешқашан да шешуі табылмас жұмбақ, ешкім шығара алмас қиын есеп десек, жауабын іздеп,жанталасып жан тапсырғандар қаншама. Осының барлығын пенде егер де анасының құрсағында жатып сезсе ғой, онда жарық дүниеге келмей-ақ қояр еді. Келген соң, бойыңда шыбын жаның шырқырап тұрғанда тәуекел жасап кетіп көр. мәңгі таусылмас жолға бір түскен соң, өзегің талып, жұлының үзілгенше алға, тек қана алға еңбектейсің. Әрине, қасыңда өзіңмен қоса еңбектеп келе жатқан азаптасың ба, сапарласың ба кім болса – ол болсын, содан озуға тырысасың. реті келсе ептеп, кейде шындап тірсектен қағып, бақайдан шалып жол ортаға ұлытып, тастап кеткің келер… Сен тырбанып бара жатқан жақтан өзіңе қарай қарсы тағы біреулер жолығады. Екеуің қызыл шеке болып сүзісесің, қызыл тұмсық болып төбелесесің, содан қай жеңгенің алға ұмтыласың. Сынаптай толқып, шортандай шоршып ұстатпаған, бірақ жақындаған сайын алыстап, алыстаған сайын жақындай беретін сайтан сағымды қуа-қуа түпсіз зынданға келіп қалғаныңды байқап, шошына кейін шегінер едің. амал не, шегінер жер жоқ, сенің соңыңнан өкшелей ерген сансыз пенделер, сен секілді сайтан сағым – алдамшы арманды қуғандар сүзіп, әлгі бір түссе құс патшасы – зымыран да ұшып шаға алмас терең зынданға құйрығыңнан бір теуіп құлатады, содан соң – өзі… өзінен соң… өзгелер, міне осылайша арғы дүниенің салулы төсек, самалды пейішінен мәңгілік орын алып, жандары жай табады. Ертеңге еңбектегендердің жалғыз-ақ бақыты – осы қағиданы ұқпай, ұрандауы десек, шағыр биені шаужайлап келе жатқан біздің ақан шал солардың тобында, алдындағы қазулы орға жетуіне, әне, аз-ақ қалды…

Шағыр қасқа басқа ұрғандай табандап тұр – соңғы кезде қартайғандікі ме, қырға шықса болды, көзінің алды бұлдырап, сулана беруші еді, байқамапты, Ұзақ тауындағы Құлаған жарға тіреліп қалған екен. «Құдай сақтады-ау» деп кері бұрылды. Бұта-қарағанның арасындағы жалғыз аяқ сүрлеумен сонау көрінген Көбен тауына қарай қабырғалай тартты. аппақ болып гүлдеп тұрған мойылдың иісі танауды жарып, түшкіре берген соң, жан қалтасынан шақшасын алып, насыбай атты. мамыр айының тамылжыған тамаша шағы, әсіресе таң ата өзгеше соны сипатпен түрленіп, көңілдегі күдігіңді айдап шығарады білем. Кісі деген қанша қартайдым, қайғы ойладым дегенмен, оның көңілі сәби секілді ғой, жоқтан өзгеге қуанады, жоқтан өзгеге өкпелей қалады. Шыр етіп дүниеге келгеннен бермен сезініп, түйсініп келе жатқан көріністері болса да: анау тау басынан етекке қарай қалың жыныстанып келіп, сиреп таусылатын қапсағай қарағайлар, сонау ұшар басындағы қары әлі де ерімей ағараңдап жатқан алып шоқылар, сол қар-мұздақтан бастау алып, құлындай құлдырықтап ойға қарай шапқылаған тентек бұлақтар мен баласын күткен анадай аңыраған Бұқтырма өзені, әне асықтай үйіріліп, түтіннен жалау байлаған туған ауылы – барлығы да ақанның көзін ашып көргендері, бірақ ешқашан да мезі қылып жалықтырған емес. Тіршіліктің тірегіне айналған туған жерінің сарқылмас байлығы да осы жансыз суреттер. Ол отыз жылдан бері шөбін шауып, малға талшық, үйелменіне азық етіп келген райс шабындығының жанынан өтті. Бұл бір тал, қайыңы аралас өскен масаты жер еді. Қандай құрғақшылық жылда да күреңсесі күлтеленіп, күнге күймей ал жасылданып жататын саздау. Шоқ шіліктің түбінен жылып тұма қайнап шығатын да, шабындықта өз-өзінен суландырып, кенезесін әсте де кептірмейтін. райс тұмасындағы шабындыққа қызығып, көз алартқандар көп болды. Әсіресе, Құмырайдың ит жыны келетін. Ит жыны келетін себебі: былайғы жұрт сандалып пішендік таба алмай жүргенде ақан жайқалған күреңсесін кертіп шауып, керіскедей мая тұрғызатын. «Отан соғысының мүгедегімін, райс тұмасын маған беріңдер», – деп арызданбаған мекемесі қалмаған. амал не, ақанның ата-бабасынан бері ауысып келе жатқан шабындығын тартып әпермеді.

Жауыңның іргеде болғаны, бір есептен дұрыс па деп те ойлайтын ақан ақсақал. Ерегестен бе екен, жоқ немесе, іштей бәсекелесетіндіктен бе екен, зәредей де кемшіндік жібермеуге тырысып, шаруасын дөңгелетіп ұстайтын, әрі тың, әрі сақ жүретін өзімен салыстырғанда, әлдеқайда салақ, есік алдында ыбырсып жатқан сиырдың жапасын күрекпен іліп алып тастауға мойны жар бермейтін еріншек Құмырайдың аяғы ақсақ демесең, аюдай денсаулығының тым болмағанда, жартысын бермеген құдайды ғайбаттаушы еді. Ұрттап қалған қара суға дейін қайтадан құсып төсек тартып жатса да, үй тірлігін жұтатып көрген жоқ.

Алғаш қара жұмысқа шыдай алмай қатты ауырғанда, бұған өкімет отыз сом пенсия тағайындап еді. Сол отыз соммен бес қыз, бір ұлын асырап сақтады. Басыңа тартсаң етегіңе, етегіңе тартсаң басыңа жетпес болымсыз дүниені боз өкпе балаларына тең бөліп, басқалардың ұл-қыздары алдында ұялтпай ішіндіріп, киіндіруінің өзі асқан ерлік еді. Сырқатының беті бері қараған соң, отыз соммен мүлдем қоштасты да, осы ауылдың газет-журнал тасу жұмысына тұрды. міне, содан бері ширек ғасырдай уақыт өткен екен, жасы асып, еңбек демалысына шықса да аттан түспей келеді. Баяғыдай емес, дәулеті бар, шүкіршілік, неге екенін өзі де білмейді, аттан тақымы айырылса болды ауырып қалады. «ақшаны қапшықтап жинап, меккеге барайын деп пе едің, қойсаңшы бұл жұмысты» дегендерге:

«мен айлық үшін жүрген жоқпын, денсаулығыма бола почта тасимын», – деп жауап беретін. Басқа-басқа, мазасыз көршісінің дәл осы сөзіне Құмырай жалғанда сенбейтін. Ішіп алған күні:

– Дүние қуған жалмауыз, ашкөз, – деп талай рет балағаттады да. амалы қайсы, Отан соғысының мүгедегіне қол жұмсап, тіл тигізуге болмайды.

Жауды жалғыз өзі жеңгендей кеудесіне нан пісіп, өз-өзінен бұлданып, өз-өзінен кергіп, боғын боталы түйеге балап жүрер Құмырай жалғыз ақанды ғана емес, осы Жұлдыз ауылының тамамын ерқашты қылушы еді. Жалғыз ұлынан айырылған аналар, ерінен айырылған жесірлер мен әкесінен айырылған жетімдер қаншама дейсіз жер бетінде, бірақ солардың қай- қайсысы да Құмырай құсап ел үстіне әңгіртаяқ ойната берсе не болар еді, – деп ойлайтын ақан. – Онда ақырзаман орнар еді… Отанды қорғауға кімдер қатыспады, әркім өз әлінше үлес қосты. аяғынан айырылмағанның барлығы – ақымақ, қоян жүрек қорқақ па екен, тәңірім-ау. Бүкіл іш құрылысым мен рухымнан айырылған мен де жүрмін ғой ешкімнің қазанын сындырмай-ақ.

– Осының барлығы, кеше кештегі уақиғаның кесірі. Кісінің баяғыда ұйықтап қалған, қай-қайдағысын есіне түсіріп не керек еді, – деп күбірледі ақан. – мені неге шақырмады екен, ырысын ішіп кетем бе. Президиумға шығармай-ақ қойсын, даңғарадай клубтың бір бұрышында отырсам жетер еді ғой.

менің кінәм не сонда. Бар жазығым қолыма мылтық орнына күрек ұстағаным ба. Біле-білсе күрек те қару ғой. Осы ғой жанға бататыны. Әйтпесе, батыр атағын бермеді деп жүрген мен жоқ. Дегенмен бармай қалғаным да ақыл болды-ау. Құмырай-ақ таяғын тоқылдатып төрде отырсын. «мен қуып барамын, неміс тырағайлап қашып барады» деп басталар әлеулайымын сол бөспе-ақ айтсын. Бірақ «мен» деген сөзді «Біз қуып барамыз», – деп неге айтпайды, ит-ау.

Күн едәуір көтеріліп қалған. Өзін тоқтататын ешқандай күш жоқ екенін сезе ме, соншалықты кербез де кірпияз жайбарақат мінезбен қызара бөртіп, көк тәңірісіне еркелейді. Суықсай деп аталатын аңғарды өрлеп барып, Түйетастың иығына көтерілгенде ғана дүниенің маздап, жанып тұрғанын байқады. Жап-жасыл шапан жамылғанаймақтаессіздеу, бірақжарасымды қуаныш бар еді. Енді қайтып күз туып, қыс түспейтіндей мәз- мейрам, сәбилік аңқаулық пен тазалықтың шуағына жапырағын жая талпынады. Табиғат атаулының ұзатылған қыздай сылануы, көктемде аса сұлу болып көрінгенімен, күні ертең- ақ көп-көп жылаулар мен сыңсулар күтіп тұрғанын қайдан білсін, жарықтық. Тау-тас, орман-тоғайды қойып, ақыл-есі бар адамдардың өзі бір күндік тоқтыққа мәз емес пе. азаптың да шегі болар екен-ау деп айналайын бейбіт күннің қызуына жылынбай ма…

Түйетастың иығына шыққанында алдынан Көбеннің көлі көрінді. Сырлы аяққа тұндырылған судай, дөңгеленіп жатқан көлге Түйетастың алқымын тесіп шыққан бастау-бұлақ барып құятын. Шілденің ми қайнатар ыстығында ұрттап қалсаң тісіңді зыр еткізер суық суы жыл өткен сайын сарқылып, азайып барады. Қоры азайған Көбен көлінің шеті сортаңданып, кейбір жерін қалың сор басқан. Баяғыда ақанның бала кезінде көл жиегі сор батпақты келетін де, тай үйрететін. Қанша қыршаңқыланғанымен жануарлар батпаққа батып мөңки алмай дымы құрып, үстіндегі қара домалақ қазақтың ырқына көнуші еді… Одан бері жарты ғасыр уақыт өтті емес пе. Ойлап қараса су да адам секілді, жылдар жылжыған сайын суалады екен- ау…

Көлдің ар жағында ағаштан қалай болса солай қиюластыра салған дара үй бар. Үйді жапсарластыра ұп-ұзын қылып қой қора салған. Баспанаға қарағанда әлдеқайда әдемі салынған қорадан жас төлдің маңырағаны естіледі. Қой төлдету аяқталып қалған кез, сақманшылар ауылға оралып, бар ауыртпалық шопанға түскен. Бұл қыстақты қатарынан бірнеше жыл бойына Орынбай деген жас жігіт мекендеп келеді. мал десе ішкен асын жерге қоятын-ақ жігіт, амал не, жолы болмай жүр. Түйетастың кейкеңінен бері қарай құлдыраған салт аттыны көрген соң, екі қолын артына ұстап, қалт тұрып тосып алды.

Иығынан зіл-батпан болып басқан жұмыстан ба екен, жоқ болмаса ұзын бойы еңкіш тарта бастады ма, сырт көзге бүкірейіп көрінеді. Ұстара дүзі тимеген, ұстара дүзін тигізуге қолы тимеген бет-аузын қайратты қара сақал басқан.

– Иә, Орынбай, мал-жан аман ба? – деді ақан ат үстінен.

– Шүкіршілік, аға. Бүгін қоржынсыз шығыпсыз ғой.

– Почтасыз бір аралайын дегенім де…

– Ендеше, бүгін қонақсыз. аттан түсіп тамақ ауыз тиіңіз.

– Әуре болмай-ақ қойыңдар. Жастығын есіне түсіріп, ерігіп жүрген шалды қайтесіңдер.

– Бүгін ауылда үлкен той деп еді, сізді шақырмаған ба?

– Шақырмады.

– Қызық екен, – деді таңданған Орынбай. — Сізсіз өткен тойдың сән-салтанаты болушы ма еді.

– Пейіліңе рахмет,– дедіақанөңікүреңітіп. Жүрегінәлдекім шабақтап қалғандай болды. Шалдың жүзі алақұйынданып кеткенін көрген Орынбай:

– Қымыз ішіңіз, – деп құрақ ұшты.

– Ендеше, ақты аттап кету жарамас, – деп созалаңдап түсті. Шағыр қасқаны үйдің бұрышына жетелеп апарып байлаған жігіт: «Әй, Күміс, атаң келді, дастарқаныңды жай» деп дауыстады.

Аядай бөлменің іші қапырық ыстық екен. Тамақ әзірлеу үшін бұрыштағы темір пешке лаулатып от жағады. Бәрі де амалдың жоқтығы. Орынбай есікті бір теуіп шалқасынан ашып тастады. «Тентектігі әлі де қалмаған-ау, – деп ойлады.

– Ауылды ала тайдай бүлдіріп жүретін Орынбайдан соқталдай азамат шығады деп кім болжаған».

Күміс қымыз құйып берді де:

– Мен қозыларды байқап келейін, – деп, тысқа шығып кетті.

– Биыл жүзінен қанша алдың? – деді қымызды сораптай ішкен ақан аузын сүртіп.

– Жүз он бестен.

– Ой, онда сенің алдыңа түсер ешкім жоқ. Ең мықтымын дегені жүз оннан ғана.

– Бәрібір солар озады, мен қаламын.

– Неге? – деп сұрады ақан.

– Өйткені олардың еркек қойы бар.

– О заман да бұ заман еркек қой қоздаушы ма еді?!

– Ебін тапса қоздайды, аға. Тізімге «еркек қой» деп тіркеген елу шақты жасырын саулықтары бар. Соның төлін бөліп жаза салады.

– Ол қулықты совхоз білмей ме екен?

– Біледі ғой, білгендіктен де еркек қойды «туғызады».

– Әй, балам-ай, – деп күрсінді ақан. – Сенің жолың да менікі секілді ауыр болайын деп тұр екен.

– Сіздің өмір жолыңыз қалай болып еді, аға?

– Сен сұрама, мен айтпайын. Ол – ұзақ жыр, бір таң айтып тауыса алмаймын.

Осы сөзден кейін ақан айқара ашық есіктен таудың көз жасындай болып мөлдіреп жатқан көлге қарады. Қиястай ұшып келіп, көлге қонған қос сары ала қаз айдынға толқыннан әжім сала, мамырлай жүзе жөнелді. Күресінде жатқан ала мойнақ ит маңғаздана қарады да, керги керіліп үйдің сыртын айналып кетті. Қой қора жақтан жас төлдің маңыраған даусы еміс-еміс естіліп қалады. Көлді қаумалай қоршаған тастақты жоталардың бауырында шашып тастаған асықтай бытырай жайылған қойлар, сол тас кенедей жабыса жайылған отардың сақшысындай, жақпар тастың үстінде қайқы мүйіз қара серке тұр секиіп. арада орнаған сәл-пәл үнсіздікті Орынбайдың:

– Аға, дегенмен сол әңгімені тыңдағым келеді. Бала жастан сөзге әуес, құлағым түрік екенін өзіңіз білесіз. Бір малдың басын мүжіп, қымыз ішіп, дем алыңыз осы үйде. Жеңіс күнін өзімізше тойлайық.

Ақ көңіл жігіттің ақтарыла айтқан ақылы ақанды толқыт- пай қойған жоқ.

– Алма шешең менің қайда қаңғып кеткенімді де білмейді.

Үйде жалғыз қалған. Елегізеді ғой.

– Ой, оның жарасы жеңіл. Күмісті жібереміз. Ол тәтемнің қасында, ал мен сіздің жаныңызда түнеймін.

– Жарайды ондай болса, – деп келісімін берді, – сен шаруаңды реттей бер. мен Көбен тауының ой-қырын аралап, күн екіндіге таянғанда ораламын.

Ақанды қолтықтап алып, аттандырып тұрған Орынбай:

– Уәде – Құдай сөзі, аға, тосамын, – деді тісі ақсия күліп.

– Тос. Тек Күмісті тәтеңе жіберуді ұмытпа.

– Қазір-ақ ат ерттеп беремін.

Көбеннің қалың терісін бетке алып, астындағы биесін сипай қамшылап бара жатқан шалдың сыртынан көзден таса- ланғанша қарап қалды.

3

Соңғы екі-үш күнде басының қан тасуы бәсеңдеп, кіріп- шығуға жарап қалған алма кемпір осы үйде басқа сенер ешкім жоқ болған соң, үй ішінің таусылып бітпес шаруасына кіріскен. Кенже қызы облыс орталығына кеткен күннен бері ыбырсыңқырап қалған ыдыс-аяқты жуып, әр затты тиісті орнына қойды. Белін мықтап таңып алып, ас бөлмесінің еденін шайып шықты. Біраздан бері жиналып, шоландағы мескейде мөлдіреп тұрған сүттің бетіндегі кілегейін қалқып алып пісіруге отқа қойды. Кішкентай ағаш шелекке жинаған қаймақты толқыта пісіріп, май алуға кіріскен. Қабырғада ілулі тұрған төртбұрыш радиодан жеңіс күніне орай саңқылдап хабар беріп жатыр. Үстіне көпшік төселген орындыққа жайғасып, сыңар қолдай іркіт піскен алма шалының ертелетіп аттанып кету себебін біле алмай, жүрегін әлдеқандай уайым қабыздап, көзінің жасын жаулығының ұшымен сүртті. аптасына бір рет телефонмен хабарын білдіріп тұратын жалғыз ұлы да, міне, бесінші күн жым-жырт. Кеше көңіл сұрап келіп кеткен үлкен қызын елеңдеп күтеді. «Қайтсін, оның да бала-шағасы, мал- жаны бар» деп өз-өзін жұбатты. Сырттан көршісі Құмырайдың саңқ етіп, әйеліне әмір бергені естілді.

«Көзімнің қарашығындай жалғыз ұлымның от жаққан жерін көре алмай өлемін-ау» деген көкейдегі арманы жыл артынан жыл келіп, қартайған сайын сай-сүйегін сырқыратады. Жер аяғы алыс, поезд жүрмейді бұл жаққа, ал самолетпен ұшып баруға денсаулығы жарамайды, амалдың жоқтығынан ғана шыдап жүретін. Ұлының да әке-шешесінің алдында жазығы жоқ еді. Қызметі солай. Өзі оқыды, өзі жетті, бұларға да, ағайын-туғанына да арқа сүйеп, бір сом ақша сұрап көрген жоқ.

«Құдайдың бергеніне шүкір, әлдекімдердің балалары құсап, тапқан-таянғанын, тіпті әкесінің пенсиясына жармасып, араққа салынып, ақымақ болып кетсе де шыдар едік қой», – деп тәуба жасайтын. Жылына үш-төрт рет келіп қайтатын ұлына дән риза. Елді аузына қаратқан атақты болмаса да, өз кәсібі өзінде, ата-ана алдында қарызы жоқ, қолынан келгенін аяп қалған күні бар ма. Соңғы келгенінде алманы құшақтап отырып: «Тәте, барған сайын қартайып барасыңдар. Елге қайтып жандарыңда болам-ау деймін. Келінің де қарсы емес», – деп еді.

«Төрімізден көріміз жақын қалғанда қасымызда болғаның жақсы, әрине. Бірақ, балам, ел-жұрт не дейді. ақанның ұлын жұмыстан шығарып, алматыда соңынан ит салып, қуып жіберіпті деп, етегін ашып күлсе қайтеміз. Әзірше шыдай тұрайық».

Енді міне, іркіт шелекті піскілеп отырған ана тағы да ұлын сағынып, сол ақылды бекер айтқанына өкініп, көзінің жасын көлдетеді-ай. «апа, тәуірсіз бе?» – деп күніне бір рет кіріп, шығатын көрші келіншек де төбе көрсетпеді. Тегі, ауыл түгелдей жеңіс тойы қамында жүрген секілді. Жалғыздыққа бір адам төзімді болса – осы алма кемпір еді. Себебін кім білсін, дәл бүгінгідей елеңдеп, адамдарды іздеп көрген емес. Ойдан тозған, әбден қажыған санасында әлсіз елес бар. Ол елес – бұған дейінгі ғұмыр жасында бастан кешкен үлкенді- кішілі оқиғалар елесі, бұған дейін тағдыр арбасына тиеген қуанышы мен қайғысы. Жақсылық пен Жамандықтың мәңгілік шайқасынан туған жаңғырық; жоқшылықтан тоқшылыққа дейінгі ауыр да азапты сапары. Қызық: көрмегенді көріп, көн тулақты киіп жүріп, алға, анадай тұстан бұлаңдап қол бұлғаған бақытқа өкпең өшіп, өзегің талғанша ұмтыласың; енді жеттім- ау, қызығын көрейін деген шағыңда не жан тапсырасың, не болмаса қартайып алжып қаласың. Неге? Қазір бұл шаңырақта барлығы бар: есік алдындағы гаражда қызыл машина тұр қаңтарылып, қолы тигенде ғана Кенже қызы жүргізеді; төрт- бес бөлмелі үй болса мынау, жүгіріп ойнап шыр еткенге зар болып қаңыраған; мал болса анау, иіріп қайырып игілігін көрер кісі таба алмай қора толып тұрғаны; ақша дегенің қағаз болып қалды. ал баяғыда ше? Шалы қатты ауырғанда Өскеменге барар қаражат таппай жалғыз сиырын сатып еді. Ортаншы қызы почтада жүріп мойнына отыз сом ақша мінгізгенде, бүкіл ауылды аралап, бір сомдап жиып, әрең құтылмады ма… Дүние- боқтың осыншалық жүйке тоздырар алдамшылығын базары тарқаған жасында ғана біліп отыр. Ендігі тілеу – өрістеп кеткен бала-шағасының, шау тартып қалған шалының амандығы.

«А, Құдай, солардың алдында ал, жалғыз ұлымнан топырақ бұйырта көр» дегеннен басқа арманы арнасы кеуіп, сарқылып біткен.

Кілегей суып қалған ба, көпіршіген көбікке айналып көпке дейін май түсе қоймады. Орнынан піспекті таяна тұрып, төргі бөлмедегі ілулі тұрған ұлының суретіне барды. Шаңын сүртіп, бетінен сүйді. Күн сайынғы бес уақ намаз секілді қаза жібермейтін әдеті еді бұл.

Осы кезде сыңсып есік ашылғандай болды. Іле-шала:

– Амансыз ба, апа? – деген әдемі де майда дауыс естілді.

– Шүкір, танымай қалдым ғой.

– Ой, апа-ай, қартаяйын дегенсіз бе? мен – Күміспін ғой, – деп құшақтай алды.

– Ой, айналайын-ай! – маңдайынан сүйді. – Көз құрғыр көрмей барады.Тойға келдің бе, Орынбай сау ма? Су мұрындарың мектепте шығар.

– Жалғызсыратпайын деп сізге келдім… ақан атамыз біздің үйде, Орынбай екеуі бастаңғы жасап жатыр.

– Құлқын сәріден үйінен безініп, ол шалға не көрінді?

– Оларды қайтпексіз, апа, онан да біз де бастаңғы жасалық, – деп қол дорбасынан қойдың асықты жілігін, белдеме қабырғасы мен жамбасын шығара бастады. – ағама арнап мал сойып едік. Басын соларға қалдырып, жамбасын сізге алып келдім. Сыбаға.

– Рақмет, жаным. Шай қоя ғой.

– Газға ма?

– Гәзі құрысын, самаурынға. Жып-жылымшы қылып, шәйнектің шайын ішіп отырамыз ба. Келгенің қандай жақсы болды, Күмісжан. Не істерімді білмей, құсадан жарылып кете жаздап отыр едім. Әлгі ақан да жөнін айтпай аттана жөнеліп, өзі де бір қыңыр, қырсық шал. менен басқа қандай әйел қырық жылдан аса жолдас болар еді. Баладан ары бақтым ғой. Өзі де кірпияз, бірбеткей, кісіні көп жақтыра бермейтін кінәз неме.

Әңгімелейтін, шер тарқатып сергітетін адам таппай жалғызсыраған алма кемпір күлімсірей жайраңдап ойда- жоқта Күміс кіріп келгенде, өз келінін көргендей қатты қуанып еді. Қимылы да ширап, дабырлай сөйлеп мәз болды да қалды. Таңертеңнен әуре болған іркіт шелекті Күміс дүрсілдете толғап ары-бері пісіп еді, домаланған сап-сары майға айналды. алма шешей дастарқан жайып, алматыдан баласы жіберген үнді шайын, тәтті дәмділерінің аузын шешті. Екеуі қатарласа отырып, буы бұрқыраған самаурынды орталарына алғанда ақшам жамырап, өрістен мал қайта бастаған. Сиырды Күміс сауып келді. Тырылдап мотор от алып, ауылдың шамы жанған. Бүгін жұлдыздықтар әсіресе көңілді, абыр-сабыр. Клуб маңайы ығы-жығы ел, барын тағынған азаматтар. ауданнан келер өкілді күтіп, дайындығымыздан мін тауып қала ма деп қауіптенген атқамінерлер тықыршып жүр. Бірін-бірі қуалап, мылтық атысып ойнап жүгірген балалардың қуанышында шек жоқ. Сынықсып басып, сыңғырлап күліп қыздар, шайқақтай аяңдап қоразданған жігіттер жиналды. ақсаңдай басқан Құмырай да үйінен шығып, клубқа қарай құлдаған.

Алма мен Күміс, ақан мен Орынбай жеңістің отыз жылдығын өздерінше тойлады.

– Е, Күміс-ай, біз не көрмедік, – деді күрсініп. – Осы жеңіс деген сөзді есту үшін желкеміз үзілгенше жұмыс істедік емес пе. мұрнымыздан қан ағып, зорыққанша таңды-таңға ұрып қимылдадық. Бәрінен де маған қиын болған…

– Айтыңызшы, тәте, – деп өтінді Күміс, – біз көп нәрсенің анық-танығына қанық емеспіз. Сізге осы пенсия неге бермеді?

– Алмадым ғой. Ұлым мен шалымның арқасында, құдайға шүкір, жетеді дүние. Отыз сом үшін арыз жазып, шал- кемпірлерді куәландырып, жүрем бе, тәйірі. Еңбегіміз сатулы емес. Халық үшін деді, Отан үшін деді, қашан қара жер қойнына алғанша қарекеттендік. Иә, оның барлығы да көрген түс, аққан судай. адамды қартайтатын уақыт емес, уақиға ғой. алғаш ақанды әскерге шақырғанда, жалғыз ұлыма екіқабатпын, екі- үш айлығында іште қалды…


Қойды қоралап, төлдерді қамап келіп, етті алдарына алған- да, әбден қас қарайып, керосин шамды жаққан. Шағын бөлме- ні ала көлеңке жарығымен жұқалаң сәулелендірген шамның шаңырағы қаншалықты тазарта жуылғанымен қырындай жанған білте бір бүйірін әп-сәтте қарайтып тастады.

Орынбай ет желініп болған соң құрт қосқан ақ сорпа әкелді. Тамақ ішіп отырса да сыңарезулеп сорып, аузынан тастамайтын темекісін шамның мұржасына тұтатып алды да, құшырлана сорды. Шал малдас құрып төрде отырған, енді әбден нықсырап тойғанын білдіргендей, дастарқаннан кейін ысырыла бір жамбастап жатып, насыбайын атты. Тыныштық – екі еркектің үлкен әңгіме алдындағы момақан тыныштығы.

– Ал, аға, қымыз ішіп тоғымызды басайық, – деді Орынбай.

– Әуелі қолымды жуып, далаға шығып келейін, – деп, бар- мағының басындағы шымшып ұстаған насыбайын құшырла- на иіскеді де, аяғы ұйып қалған ба, кирелеңдей орнынан көтерілді.

Көбен тауының салба-салба самырсындарының арасынан елік әупілдеді. Шошайып жеке дара қарауытқан шоқының ұшар басын қақ жарып ай шығып келеді екен. Осы қалпында құздың зәулім басына күмістен қақтап табақ орнатып қойған- дай әдемі көрінеді. маңайды қара барқын түстен арылтып, саумал сәулесін төгеді. Көл бетінде де тіршілік тоқтағандай, күндіз бейбіт жүзген сары ала қаз бен қоңыр үйректер тұмсы- ғын қанатына тығып ұйқыға кіріскен-ау. Қора жақ та тыныш, мазаны алып, маңыраған малдың да жағы семген. Қыстан қалған шөпті күрт-күрт күйсеген жылқының дыбысы талып естіледі. Түнгі ауа таза әрі тау жақтан ептеп жел еседі. Әлі де еріп үлгермей қасарысып жатқан сүрі қардың ашулы демі секілді сезіледі. Осындай маужыраған айлы түнде шырқалар әнді сағынасың. Бірақ қазір кім айтар ол әнді?.. айтқан адамды жындыға балар. Таңертеңгідей емес, көңілі көңірсіктен тазарған ақан еңсесін басқан ауыр жүктен арылғандай өзін- өзі азат сезінді. Ол жүкті арқасынан алып тастаған аузын ашса сыйлағыш дарқан мінезі еді. мұндайлық таза да тәкаппар қазақы мінез жыл өткен сайын азайып бара жатқанын ақан сезетін. Сезгенімен, түңілген емес. астындағы жалғыз атын түсіп берер мәрттік, аузындағысын жырып берер қолы ашықтық осы елдің аш-арық кезінде әлдеқайда мол болып көрінетін. ал қазір ше? Жыланға түк біткен сайын қалтырауық келедінің кебін киіп жүрген жоқпыз ба?

– Аға, жаурап қаларсыз. Тау түні суық болады. Үйге кіріңіз, – деген Орынбайдың даусы әлгі бір ойын бөлген.

– Бүгінгі түн тіпті әдемі екен, Орынбай. Көбен тауының осыншалық сұлулығын бұрын неғып байқамағанмын.

Өзі бес жылдан бері сары жұрт қылып, қыстап келе жатқан жерді жаңа көргендей аңтарыла қарап, делдиіп тұрған жігіт:

– Ой, аллау, расында да, кинодағыдай керемет қой өзі, – деді таңданып. – Сізге еріп көз салып тұрғаным осы, қол тимейді, аға.

– Анда-санда қарап жүр. Көңілің сергиді. Қысылтаяң шақтарда табиғатпен сырлассаң, жүдеген жүрегіңе серік болады. Шаршаған сәттеріңде бойыңдағы ауыр азаптан арылтып, майдақоңыр мұңға жетелейді. ал мұң – өмірбақи менің жан жолдасым болып келеді.

Шарасы күміске енді ғана тола бастаған айға қарап, бозбаладан бетер емірене қиялдап тұрған ақан шалдың қазіргі бітімі өмірден өкінішсіз өткен бейқам адамнан гөрі алысқанмен алысып, айтысқанмен айтысқан, бірақ жоқтан өзгеге жасып, сағы сынбаған рухы мықтылықта аңғартқандай. Сәл еңкіш тартқан кеуде бұған дейін аспанды аңсап келген адамның енді бір үміті жерде қалып, ертеңіне үңілген пошымын танытады. Дегенмен жетпіске аяқ артқан ақсақалдың қиял қанаты талып, сезімі сірнеленбегеніне қайран қаласың. Қасында екі қолын артына ұстап, ай нұрына шомылып, мұнартып жатқан тауға қадала қараған ақанға еліктеп, көз салған Орынбай өзін бұл кісіден әлдеқайда қартаң сезінді. «Жас болуды қарттардан үйрену керек шығар» деп ой түйді.

– Ал енді үйге кірейік, – деп ақан шұғыл бұрылып, есікке беттеді.

ала барқын тартқан бөлменің іші беймезгіл айтылар әңгіме, әдібін ашып сырласар шыншыл сұхбатқа әдейі арнап жасалғандай. Жым-жырт, ұядай жылы, көз құртын жыбырлатар сұлулықтан ада, жұпыны да жарасымды. Дүниедегі асыл зат, жалтырауық байлықтың көл бетіндегі көбіктей де салмағы мен сапасы жоқ алданыш екенін дәлелдегендей – қарапайым тірліктің мәңгілігінайғақтағандай, осылайшажалғыз үй, жалғыз төсек, жалғыз пешпен-ақ мың жыл жасауға, адам деген атты жоғалтпауға боларына Орынбайдың қыстағы куәгер іспетті. Нағыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, бейбіт те берекелі, баяны ұзақ өмір дегеніміз осы емес пе. Баяғыда халықтың осы секілді жылқыдай жусаған тірлігін бұзған кім еді? Гитлер болатын, соғыс деген лаң болатын… Егер осы соғыс болмаса әлем бетіндегі үлкенді-кішілі мемлекеттер бүгінгідей бақайшағына дейін қаруланбас еді, иесін қырып дүниесін иемденіп қалар бомбалар ойлап табылмас еді… Демек, қазіргі қоқан-лоқы қауіптің басы бұдан отыз жыл бұрын басталған.

– 1942 жылдың, яғни ескіше айтсақ, жылқы жылының ақпан айында Жұлдыз ауылынан бір топ азамат майданға аттанатын болдық, – деп бастады әңгімесін ақан шал. Насыбайын атып, мүйіз шақшасын жанқалтасына қайтасалды. алдында мөлдіреп тұрған қымыздан бір ұрттап, кесені ысырыңқырап қойды.

– Күн суық болатын. Күннің суығы емес еді ғой бізді қинаған. Ер жігіттің басына нелер келіп, нелер кетпейді. «Еркек тоқты – Құрмалдық» деп атамыз қазақ баяғыда айтпады ма. Табиғат екеш табиғатта да еркектері азайып, ұрғашылары көбейіп жатпай ма. Бұл өзі өмірдің заңы іспетті, ұялмай айтсақ, он бес биеге бір айғыр, бір қора қойға жалғыз-ақ қошқар ұстайды ғой… артымызда аңырап қалған ана, жылап-еңіреген әйеліміз бен әлі қара табан болмаған шиеттей бала-шағаларымыз қалып, сарт- сұрт аттана жөнелгенде, бәріміздің көкейімізде жалғыз-ақ тілек, жалғыз-ақ арман, жалғыз ғана ой бар еді, ол ой – қара шаңырақ, қаймана жұртымызды енді қайтып көре аламыз ба, жоқ па… міне, осына көкейді тескен сауалды бес жыл бойы арқалап жүрдік. Иә, біз елден бір кісідей – солдат болып аттандық, бірақ бәріміз бірдей солдат болып орала алған жоқпыз. міне, отыз жыл болды, менің қыр соңымнан итше тіміскілеп қалмай келе жатқан қасірет. Ұзаққа созылған ауруым дейсің бе, жоқ, қалқам, оқыс болса быламыққа да тіс сынады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда, құс төсекте жатып та сырқаттана бересің – байқасам, жер қазып, мал бағып, егін орып жүргендерден гөрі ақсаусақтар көп аурушаң…Біздер, еңбек армиясында болғандар жаумен мылтықсыз шайқастық, сондықтан да, әрине, өлім- жітім аз болды, сондықтан да қадірсіз болдық. Дене жарасынан жүрек жарасы әлдеқайда ауыр дегенді ширек ғасырдан бері Құмырайға түсіндіре алмай-ақ келемін… Қайтейін, тағдырдың жазуы шығар.

…Ауылдан алғаш рет улап-шулап батыс қайдасың деп жүріп кеткенде бізді майданға апармай, қара жұмысқа салады деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Барлығымыз да тепсе темір үзердей азаматпыз. алдымызда шақырылған жігіттер секілді екі-үш ай дайындықтан өткізіп, содан соң қолымызға мылтық ұстап уралап жауға шабамыз деген үмітіміз Өскеменге келгенде үзілді. Кім болған күнде де пендеміз ғой, алғашында қуандық та. «Құдай сақтады-ау, бала-шағамыздың көз жасы жібермеді- ау», – деп тілеу тілеген жігіттер де болды. Несіне мақтанайын, ондай жымсыма қуаныш мені де меңдеген. Үлкен ағамыз ақтайлақ пен кіші ініміз Бағдат менен бұрын шақырылған- ды. Соғысқа кірдік деген алғашқы хаты келіп те үлгерген. Бір шаңырақтан бір адамның аман қалар үміті жылтырағандай- тын. рас, ол арман орындалды. Бірақ қалай?

Ауылдан менімен қоса Қожақ, Қаймақ, Бура және Құмырай – бес жігіт бір күні, бір тізіммен аттанғанбыз.

Сөйтіп, Свердлов облысын бетке алып поезға міндік. Ол кезде, немене, поезд өте шабан, жүруінен тұруы көп, он күн дегенде діттеген жерімізге әрең жеттік-ау. Қара жұмыс, адамды адам атып жатқан соғыс емес қой, жігіттер ал дегенде-ақ қолдарына түкіріп, үлкен жігермен кірісіп-ақ кеткен. ал менен, неге екенін білмеймін, бір усоқыдай уайым кетпей-ақ қойғаны. майданға бармадым, кеудемді оққа төсеп Отанды қорғамадым деген, жалынды тілек дейсің бе, жо-жоқ, жарқыным, олай десем өтірік айтқаным, ал мен өлсем де өтірік айта алмаймын. Жалғыз күн болса да жан сақтай тұрғысы келмейтін адам жердің астында да, жердің үстінде де жоқ-ау… Болған күннің өзінде де ол не жарымес, не ауру… Қазір ойлаймын: егер мен соғыста, жауып тұрған оқтың астында жатсам да, қалайда тірі қалудың амалын іздер едім. Өйткені, жеңу дегеніміз – өзің өлу емес, өзгені өлтіру ғой.

Ал дегенде атойлап-ақ кіріскен жігіттер күн өткен сайын қалжырай бастады. Жұмысты кезек бойынша он-он екі сағаттан істейміз. менің еншіме таңғы сегізден шығу тиді. Қазатынымыз «Огнеупорный глина» деп аталатын ақ топырақ. Жарықтық елеген ұн секілді майда, шайнасаң тісіңе тас тимейді. Экскаватор қазған тоң карьерге қарай вагон жүретін темір жолды жылжытып отырамыз. алғашында қырдан келген қазақ жігіттері бұл жұмыстың қыр-сырын білмей көп әуреге түсті. Бәлкім, бізді артық шаршатып жіберген де осы істің ығын білмегеніміз шығар.

Жүз шамалы жұмысшы бір барақта жатамыз. Барақ… Қазіргі жайлаудай жап-жасыл рақат заманда, әсіресе жеңіс күнінде, сол шақта көзбен көріп, бастан өткерген ауыртпалықты айтсақ, мүмкін қисынсыз да болып көрінер.

Қуаныш үстінде қайғыны қаузау – әбестік те. Қиындықтан қашу бар да, сол қиындыққа көндігу, төтеп беру бар. Бұл жерде жалаң төс батырлықтың, жалған айғайшылдық пен белсенділіктің түкке де қажеті жоқ. Тек қана қайыспас қайсарлық, неге болсын шыдап кетер көнтері итжандылық қана керек болар. Тек қана қайыспас осы көмпістіктің арқасы шығар-ау. Әрине, біздерден кереметтей ерлікті ол шақта ешкім талап еткен жоқ, ондайлар болған күннің өзінде арқасынан қағып аспандатаруақыт,не болмаса омырауына жылтыратып қадар белгі де жоқ еді. Соғыс кезінде қара жұмыста болғандар еңбегі әлі де шын мәнінде бағаланбағанын жасырып керегі не. Олар туралы үлкен жиналыстарда айтылып, кітаптарда жазылған жоқ. Еңбек әскері қатарында болғандар – белгісіз ерліктің иелері. Бірақ олар ешқашан да өздерін қан төгіспен келген Ұлы Жеңістен тысқарымыз депесептегенемес. айталық, қақаған аяз, қалың қардың астында жатқан топырақты қазып, күндіз-түні жөнелтпесек, ол отқа төзгіш топырақтан металл қорытатын алып қазандар жасалмаса, демек, жауға атылар қару- жарақ уағында жеткізілмесе, бақайшағына дейін қаруланған басқыншымен жұдырықтасар ма едік… Сондықтан да Белка руднигінде жілікті де сіңірлі сандаған азаматтар жанталаса жұмыс істеді, әр күрек топырақты жаудың қанағатсыз көзіне шашты.

Бірақ… қызық, біз үшін Гитлермен соғысқаннан гөрі қандаламен арадағы айқас анағұрлым ауырлау болғандай еді. Ағаштан қиып жасаған ат шаптырым сарайда қатар-қатар ағаш нар бар. Үстімізде жамылар көрпеміздің, төсеніш пен жастығымыздың ішіне сабан тығылған. Жаздың күні болса бірсәрі, қыста суық тартады екен. Түні бойы тісіміз-тісімізге тимей сақылдап ұйықтай алмаймыз, тек жұмысқа шыққанда ғана қимылдаған соң бойымыз жылынады. Бірақ әрі-беріден соң көзімізге ұйқы тығылып, қалғып-шұлғып жүрер едік. ауылдан келген бес жігіт алғашында жұбымыз жазылмай бірге ұйықтадық, бірге тамақтандық. Кісі сырт жерде жүргенде ғана бір-бірінің қадірін біледі ғой, бұрын ауылдас болсақ, Оралда туыс боп табыстық. Келгенімізге жарты жылдан асып кетсе де, ел-жұрттан хабар алмадық. Ішімізден іріктеп соғысқа жіберіп те жатты. Ондай жұлдызы туғандардың бақытына қызыға да қызғана қарап, шығарып саламыз…

4

алғаш ақанды әскерге шақырғанда, жалғыз ұлыма екіқабатпын, екі-үш айлығында іште қалды, – деп әңгімесін жалғастырды алма кемпір. – Тамам әйелдер жылап-сықтап күйеулерін Күркіремеге дейін шығарып салды. ауылдан екі шақырымдай жердегі Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді, алғаш соғыс басталғаннан бері сол жерге қаншама рет көз жасымызды көл етіп барып қайттық десеңші. Жалғыз-жарым емес, ерлері алынған немесе алады-ау деген тамам қатын құндыздай шұбап, тобымыз жазылмастан ере барар едік. Ол кезде, немене, жиырма бес шақырым жердегі аудан орталығы Катонға қатынар көлік жоқ, жолаушы шыққан адам дорбасын арқалап жаяу тартатын. Сақылдаған сары аязда арыстай бес еркек – бес бәйтерегімізді көзімізше өлімге шығарып салып, құр сүлдеріміз ғана үйге оралдық. Басқаны білмеймін, ауылға денемді ғана алып қайтқаным болмаса, жүрегімді ақан алып кетіп еді… Ер-азаматтың қадірі мен үшін әсіресе артық, көзімнің қарашығындай қымбат, жаным мен бойымдағы барымды садақалар ардағым еді… Отызға жаңа толған кезімде бір емес, үш рет тұрмысқа шығыппын, еріккеннен, жеңіл жүрісті болып желіккеннен бе екен… Тағдырдың иті оңдырмай қапса қайтейін… Ол сырымды шешең болмаса, сен білмейтін шығарсың, қалқам. Он бес жасқа жаңа толған уыздай жас шағымда, он екіде бір гүлім ашылмаған бота тірсек, бұла шағымда үлкен ағамыз Сәрсенді үйлендіретін қалыңмал таба алмай, байдың бір ынжық ұлына ұзатып жіберді. Жылай-жылай кете бардым. менің қалыңыма алған малды айдап беріп ағайыма келіншек әперді. Үш жылдай тұрған соң екі құрсақ көтердім. Көп ұзамай күйеуім қайтыс болды. Өзі де дімкәс, жарымжан адам еді. Екі баламды алып төркініме қайтып оралдым. Үлкенін бала көтермеген әпкеме – Дүрияға бердім, ал кішісі апамның бауырында өсті. Колхоздастыру басталғанда осы ақанның туған ағасы ахмет сөз салған. Өзі де тепсе темір үзетіндей, иықты әрі келбетті жігіт еді марқұм. Өзіме ме, жоқ, болмаса көзіме қызықты ма, екі баламен қалған жесір демей, кәдімгідей кәдесін жасап қада түсті (Жас кезімде жеңгелерім «жақсыкөз» деп атаушы еді). Тағы да ұзатылдым. Бір жылдай отастық. Шәй деспей тату-тәтті ғұмыр кештік. Құдайдың ісіне қарсы келген кім бар, аяқ астынан ол да сырқаттанды. Төсек тартып, саржамбас болып көп жатты. Бұлардың арғы аталары батыр болған ғой, тек қана тік сөйлеп, тік жүруге жаратылған. Иненің жасуындай қорлыққа шыдамайтын, басынан сөз асырмайтан өткір де өркөкіректеу. Әсіресе, ашуланғандары жаман, қаһарланса не қан қылуға, не қан болуға барар… (Ол мінез ақанда да, жалғыз ұлда да бар). Төр алдында ұзынынан түсіп сал болып тұра алмай жатқан ахмет бір күні мені қасына шақырып алды да, еркелетіп шашымнан сипады. «Жүдеп кетіпсің ғой», – деп жүзіме үңілді. Ондай әйелжанды мінезі жоқ, қатал да суық жігіт еді, бұл оқыс қылығына таң қалдым. Сонда ғана байқадым, оты сөнуге айналған жанарында жас бар екен. алты алашты аузына қаратқан арыстай азаматтың қатындарша босауы менің де сай-сүйегімді сырқыратты. Бас салып құшақтап, басымды бауырына тығып ботадай боздап жылап жібердім. Ол алақанымен көз жасымды сүртті де: «Ертең-ақ тұрып кетемін, – деді күліп. – Неге екенін білмеймін, таңдайым таңдайыма жабысып шөлдеп барам, сусын әкелші». – Ойымда ештеңе жоқ, су араластырған сұйық айранды алып қайтып оралсам… қайтып оралсам… жез мойын, мүйіз сап пышақ қадалған ахметтің кеудесінен қып-қызыл қан, қып-қызыл қан аспанға шапшып жатыр… Талып қалсам керек, ахметті жуып- шайып оң жаққа салғанда ғана есімді жидым. міне, осылайша екінші күйеуімді де қара жердің қойнына беріп, екінші рет қара жамылып, қан жұтып жесір қалдым. Содан бері мал бауыздаса жанына жоламай, ішек-қарнынаршуға бірақкелемін. Содан бері қызарған сұйық зат көрсем, көзім қарауытып, басым айналады. Содан бері ешқашан да қан көрген жоқ деп ойлайсың-ау, айналайын, көрдім, көп көрдім. Құдай алмаған соң жер басып, ырзығыңды жеп жүреді екенсің… ахмет қайтыс болған соң ата-енемнің рұқсатынсыз төркініме кетіп қала алмадым. Тіпті, не бетіммен қайтып барамын, тіпті, барған күннің өзінде де қанды көйлек деп үйге кіргізе ме. Сыртқа шыға қалсам ауыл адамдары әзірейіл көргендей, шошына қарап, теріс айналатын болды. Су алуға өзенге барғанда Бұқтырмаға ағып өлейін деп, сан рет оқталдым да, шыбын жанымды қия алмадым. мүмкін, бала-шағамның бақыты жібермеген шығар.

ақан ағасы өлгенде жиырмаға жаңа толған жас жігіт еді. Көп сөйлемейтін, ағасындай емес, тұйықтау әрі талдырмаш, жуас болатын. Колхоздың жұмысына ерте кетеді, кеш келеді. Жүзімізге дұрыстап қараған да емеспіз. Бір күні ата-енем мені шақырып алды да: «Келінжан, ахметтің өлімі үшін жолы ауыр, аяғы құтсыз деп сені кінәлап қайтеміз. Жазмыш солай шығар, өлген азамат тіріліп келмейді. Бүкіл бала-шағамызбен сені шын жақсы көреміз. Қимаймыз. Бұл үйдің босағасына сендей келін түссе, одан артық қуаныштың керегі жоқ. ахмет қайтқанмен, шүкіршілік, құр алақан емеспіз, інілері бар, әмеңгері табылады. Қарсы болмасаң ақан екеуіңе неке суын ішкізуді қош көріп отырмыз. Онымен ақылдастық, жөн-жосықты білетін бала ғой,

«жеңгемді қаңғырта алмаймын» деді жарығым.

мен не дерімді білмедім, тіпті, өзіме өзім сенбедім де, бар қолымнан келгені – жыладым… Тәңірім-ау, үшінші рет… Санын қойшы, күні ертең ақан оқыс болып кетсе, қара жер қақ айырылып, түсіп кеткенім оңай емес пе. «Ол – жас қой» дедім дірілдеген сенімсіз үнмен. «Бес жас қана кішілігі бар, бес жас

  • бел құрдас деген».

Мен тек қана ата-енемнің көңілін қимай тұрмысқа шықтым осы шалға… Кейін жарасып кеттік. Дүниеге үш қыз келді. Төртінші балаға жүкті кезімде соғыс деген сұмдық шықты ғой…

Ер азаматтың бағасын мендей білер ешкім жоқ дегенім содан да. Бардың қадірін сезіну үшін жоғалту керек екен, тоқтықтың қадірін білу үшін ашығу керек екен. Біз бәрін де көрдік.

Бұрын Бұқтырманың жағасындағы екі бөлмелі төбесі шатырланбаған тоқал ағаш үйде тұрушы едік. Оның өзі Ережеп байдың мағауия деген баласының қыстағы. Кәмпіске кезінде ахмет арзан бағаға сатып алса керек. Үйелменіміз үлкен: ата-енем, қайныларым: Ботай, Қатай, Жеңісхан, қайын сіңлілерім: Сандуғаш, Қарлығаш, Әсия; өз қыздарым: Шолпан, айман, ләззат бар және біреуі ішімде. Әжетке жарағандары – төртеуі ғана, қалғандары әлі жас, құстың балапаны секілді кешке шаршап-шалдығып жұмыстан келсең аузын ашып, тамақ дәметіп отырады. Бар ауыртпалық маған түсті, колхоз басқармасы қайда жұмсаса – сонда, екі етекті түріп салып шапқылаймын да жүремін. Ол кезде, бәлкім, заманның талабы солай болды ма, жоқ жергілікті басшылар жесір әйел, жетім балаларды тым басынып, әпербақандық жасап жіберді ме – ол жағын ашып айта алмаймын. Әйтеуір, аяушылық, жағдайға қарау дегенді білмейтін. Таң бозынан есік алдында ат ойнатып айғайлап оятады, қас қарайып жұлдыз туғанша жұмысқа салады. Кейде ай жарығымен де жер жыртып, арық қазып, жазда шөп маялап жүрдік. Сондықтан да жеңген шығармыз… мүмкін, солардың арқасы шығар жеті басты жауды айдап ініне тыққанымыз…

Жарықтық көктем де туды-ау. маған, жылдағыдай емес, қар ертееріп, жертезқарайғандайболыпсезілген. Тоңжібіп, топырақ бусанғаннан-ақ, жер жыртып, дән себуге шықтық. Он-он екі жасар балалар – ат айдаушы. Соқаға екі ат, құлынды бие, кейде өгіз, қысыр қалған сиырларды жегетінбіз. алғашында мен соқа ұстадым, содан соң тісті тырмаға ауыстырды. Тырманы жалғыз ат тартады, мен жетелеп жаяу жүріп отырамын. Бұл соқа ұстағаннан гөрі жеңілірек тиді. Байғұс ғайша жаны ашыды ма, басқармаға барып, менің жүкті екенімді айтып, өзінің аспазшылық орнын маған берді. Тасқайнат ылғи саңқылдап сөйлеп, жарқылдап күліп жүретін көңілді әйел еді, соғыстан соң жіңішке аурудан қайтыс болды.

аузымыздағыны жырып майданға жібереміз де, өзіміз шиқылдап аш жүретін едік. Оразамызда ашпай жер жыртып, өзегіміз талған соң аңыздағы былтырдан қалған масақты теріп, қуырып жейміз. ал колхоз сотық орындағандарға бір аяқ көжені артық беруші еді. Жалғыз қарағайдаң бүгінде ақтаңлақ болып, сортаңы шығып жатқан даласын қаражондап, таспадай тіліп тастаған әйелдер қарға адым жердегі үйіне бара алмай, қос басында түнейтін. Үйлерінен ала келген қомшасын төсей салып, әлі сызы дегдімеген топырақтың үстіне құс төсекке аунағандай жата-жата кетер едік. Қар көк аспан, сол қаракөк аспандағы сансыз жұлдыздарға телміріп, әрқайсымыз өз жарымызды емірене еске алушы едік; содан соң ғайша шалқар үнімен, мұқым даланы, іргеде ғана үн-түнсіз қалғып тұрған тауды жаңғырықтыра ән бастайтын; ол әнді қатар-қатар жерде жатқан әйелдер іліп әкетіп, қосыла шырқағанда зіл болып басқан ауыр шаршаудан, еңсені езген зұлмат қайғыдан арылып, бақыттың бір сәттік тәттісін таусар едік; көңіліміздің көк дөненін ерттеп мініп, өзіміз де білмейтін жұмаққа аттанар едік; мұрынға жаңа жыртылған жердің дымқылы келіп, сағыныштың – ер-азаматқа деген аңсаудың астарында бойымыз балқып, себепсіз масаяр едік… Осы кезде қара жерді дүрсілдетіп ауыл жақтан ақ боз ат ағып келе жатар еді. ақ боз аттың үстіндегі колхоз бастығы Нартай екені бәрімізге мәлім. Түн жамылып келіп, үйіне қашып кеткен әйелдер жоқ па дегендей, түгендеп қайтар әдеті бар. ауыздығын қарш-қарш шайнаған атын ойнақшытып, айғай салды: – Жолдас қатындар, қазір мен аттарыңды атаймын, «менмін» деп дауыстап орындарыңнан атып тұрыңдар.

Сұлап-сұлап жатқан әйелдердің ешқайсысы үндеген жоқ. ғайша жарықтық батыл еді ғой, оның сөзін естімеген кісімсіп, тағы да бір әнді әуелете шырқап қоя бергені.

Ау, Гүлайым, Гүлайым, Ойламашы уайым, майдандағы ағайдың Денсаулығын сұраймын.

Біз қосыла жөнелдік. Нартай бастық не істерін білмеді. Бар қолынан келгені ақ боз атымен тапап кетердей омыраулата тебінді. Есті жануар есерсоқ иесінің бұл қылығына көне қоя ма, ән айтқан тірі кісілерден тайсақтап қайта-қайта ала қашады.

– Ән айтасың, ә! – деп кекетті ғайшаны.

– Ән айтамыз.

– Шаршамаған екенсің, ә?

– Шаршаған жоқпыз.

– Мен сені шаршатармын, қара қаншық. (Ұят болса да айтайын. Ол кісі былапыт сөзді көп араластырмай сөйлей алмаушы еді ғой). Ертең кеңсеге кел, – деп, атын сауырлап ауылға қарай құйын-перен шапқылай жөнелді.

– Қолыңнан келгенін аяма. Көп болса борананы жаяу сүйретерсің, пішту, – деп, артынан топырақ шашып долданады ғайша. Біз мәз боп күлеміз. Күлкіміздің ертең көмір боларын да білеміз, бірақ көзімізден жас аққанша күлеміз. Бұл тіпті де күлкіден туған жас емес-ті, басқа… Қайғыдан бастау алып, күлкіге айналған жас еді… Түннің бір уағында тоңазыдым ба, болмаса құлағымды жаңа жандана бастаған құрт-құмырсқа жыбырлатты ма – оянып кеттім. Талығып барып ұйқыға бой алдырған әйелдер біреуі қорылдап, біреуі пысылдап бүрісіп- бүрісіп жатыр. Ішін тартып, өксіп барып екінші жамбасына аунап түскен ғайша, ашылыңқырап қалып еді, іргесін қымтап қайта жауып қойдым. Қолым денесіне тиіп кетті ме, «алла, алла, бұ кім», – деп басын қақшаң еткізіп жұлып алды. «мен алмамын ғой», «Түу зәрем ұшып… Нартай екен деп…» Басын бүркеп қайтадан жатып қалды. Содан соң ұйқым келсейші, көзіме ине тіреп қойғандай кірпігім-кірпігіме айқаспады. Ойыма қай-қайдағы түседі… Сон-а-ау қаракөк аспанда көз қысысып, жердегі біздерге елжірей қарап тұрған жұлдыздарды теріп алардай телміремін. Кейбіреулері зу етіп ағып түседі. Әр аққан жұлдыз – өлген адам деуші еді, ескі көз қариялар…

«Құдай сақтасын, – деп күрсіндім, – бетін ары қылсын». ақан әскерге аттанар түнді есіме аламын. Онда да таң бозына дейін кірпік ілмеп едік қой… Темір пешке маздатып от жағып қойып, күбір-күбір сыбырласқанбыз. арамызда ел айта беретін сүйіспеншілік, ғашықтық деген ыстық ынтызарлық болмай, тағдырдың жазуымен, ата-ананың ұйғаруымен оқыстан қосыла салсақ та, күн өткен сайын өзіміз де сезіп, байқамай қалған жұқалаң сезім, жұмбақтай жіп мәңгі айырылмастай ғып матап, байлай бастаған. Ол мені есік көрген ересек әйел деп қорламады, тіпті үш қызды дүниеге әкелген әке болған соң, қалай басынамын десе де көнер едім, өйткені менің бұл үйден басқа барар жер, басар тауым жоқ еді… Қашан шашымнан сүйреп, шығарып тастағанша қолындағы құлы, есігіндегі күңі боп өтуге бекінгенмін. Бірақ ақаннан ондай тәйтік мінез, суық жүріс сезілген емес. Кейде қатындар, қалжың-шыны аралас:

«Алма, сенің сиқырың бар ғой деймін. Күйеу-қайның дуалап тастағандай сенен шырғалап шықпайды. Уыздай жас келіншегі бар еркектер бүйірімізден түрткілеп тыныш жүрмейді. ал ол болса бетімізге тура қарап, көз қысқан емес», – деуші еді.

Құдайдың қарғысына қашанғы ұшырай берем, мейірімі маған да түскен шығар.

Ақанда жалғыз-ақ арман бар еді. алайда ол арманын да күйеуімсініп күйгелектеніп немесе аһ ұрып күйзеліп айтпай, соғысқа шақырылған түні ғана шашымнан сипап жатып, еркелетіп назбен білдірді ғой.

– Алма, – деді ақырын ғана сыбырлап. – мен болсам қанды жорыққа аттанамын. Оралармын, оралмаспын – екеуі де суішкілікке байланысты екіталай дүние.

– Ораласың, ақаным, сөз жоқ, ораласың, – деп жылап, мойнынан қапсыра құшақтай алдым. – Сені де жоғалтуым мүмкін емес. менде не қалады сонда?

– Ақырын, балаларды оятасың, – деді алақанымен жасқа толы жанарымды сүртіп. – Жүдеп кетіпсің ғой… «Құдай-ау,

– деймін ішімнен, – Құдай-ау, ақмет ағасынан айнысайшы, ол да шашымнан сипап, осы сөзді айтып еді ғой, ол да… өлерінде осы сөзді…» Өксігімді баса алмай зар еңіредім.

– Қой, жылама, жаман ырым бастап… ендігі үміт, ертеңгі ғұмырым сенің құрсағыңда. Өмірге құлын келсін, ат ұстар ұлым келсін… Өзгесінің барлығы өзекті жанға түк емес. Күндей күркіреген соғыстың шегі болмас дермісің. Келермін, келмеспін кіндігімді жалғап, түтінімді өшірмесең – бұдан артық бақыттың керегі жоқ.

…Ақанымның маған қалдырған аманаты жым-жырт, ішімде жатыр. ақырын ғана сипап қоямын. Дөңбекшіп жамбасым талған соң, тұрып кеттім. ай әлі туа қоймаған өліара кез еді, неде болса түн жамылып, үйге барып қайтуды ойладым. Жалғызқарағайдың сайлауына түсіп, тоғай арасындағы жалғыз аяқ соқпақпен ауылға төтелей тарттым.

Ол кезде есіктің сыртынан, не ішінен бекіту жоқ еді ғой. Үйдің ішіндегі адамдардан басқа іліп алар заты болмаса ілгек салып қайтеді. Қараңғыда сипаланып, оттық іздеп жүріп, шелекке аяғым тиіп кетті. «алмамысың», – деді енем.

«менмін». «Шүйінші, ақаннан хат келді». «айналайын, апам- ау, рас па». «рас, алмажан, рас».

Аттанғалы келген алғашқы хаты… майшамның өлеусіреген жарығында үшбұрыштанған хатты қолым дірілдеп, асығыс аштым да, дауыстап оқи бастадым. атам, қайындарым мен қыздарым қыбырлап оянып, үрпиіп-үрпиіп тыңдап отыр.

Ақанның хаты: «аса құрметті үй-ішім, бала-шағам! ал- тайдың асуындай Бұқтырманың тасуындай, күннің қызуын- дай, жүректің жылуындай сағынышты сәлемімді жолдаймын. мен аман-саумын. майданға жібермеді, Орал деген таудағы кенде жұмыс істеп жүрміз. Жағдайымыз жақсы… Тамақ тоқ, баспанамыз жылы дегендей… Жұмысы да жеңіл, жанымыз қиналып жүрген жоқ, кезектесіп істейміз. Бар уайым – сендер ғанасыздар. алма, он шақты адамды асырап-сақтау саған қиын тиіп жүрген шығар. Шыда, жаным, жауып тұрған оқтың ортасында жүрген жоқпын ғой, дәм тартса мен де оралармын. Бізге осыншалық мейірімі неге түскенін білмеймін. Тәңірдің берген сыйы шығар… Тіпті жігіттер жардай болып семіріп алды… аз-мұз айлығымыз бар. Алғашқысын сендерге жолдап отырмын. Елде қандай жаңалық бар? майданға аттан- ған ағайын-туғаннан хабар бар ма? ақтайлақ пен Бағдаттан хабар келді ме?Сұраған жанға дұғай-дұғай сәлем айт. Бала- лардың бетінен сүй. Сәлеммен ақаның. 1942 жыл, көкек айы».

Қуанышымыз қойнымызға сыймады. Енем: – Құлыным- ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқ- тырманың тасып жатқанына қарамастан, салып-ұшып өте шығып еді, – деп көзінің жасын шылауышының ұшымен сүртті.

– Кемпір-ай, ертең қара серкені соямын, – деді атам. ал мен… үнсіз отырып қалыппын. Қуанған мен қорыққан бірдей деген осы-ау… Жүз сом ақшаны атама бердім. Ол кісі құнжың- дап қойнына тығып, бата жасап, бетін сипады.

Таң құланиектене берген елең-алаңнан құстай ұшып Жал- ғызқарағайға қайтып оралдым. Құрбыларым пырдай болып, тұяқ серіппей ұйықтап жатыр екен. Баспалап келдім де, өз орныма жым-жырт жата қалдым. Ешқайсысы сезген жоқ. Әлгіндей ұлы қуаныштан соң ұйықтау мүмкін бе, ақ боздана бастаған шығысқа қарап телміремін. Таң хабаршысы бозтор- ғай шырылдай бастады. Көкек шақырып, бытпылдақ үн қатты қарағанның арасынан. Шанағынан асып, тас-талқан болған Бұқтырманың үні құлағыма бұрынғыдан ары жағымды естілді. Соншалықты рақат, соншалықты әдемі… «алла тағалам осы қуанышымнан айырмаса екен. маған көп нәрсенің керегі жоқ, тек барымнан айыра көрме», – деп жалбарына тіледім.

5

…Біздің ішімізден іріктеп соғысқа жіберіп те жатты. Ондай жұлдызы оңынан туғандардың бақытына қызыға да, қызғана қарап, шығарып саламыз, – деп ақан ақсақал әңгімесін одан ары жалғастырды. – Дегенмен бармай, дізімге ілінбей қалғандарына іштей тәубалағандар да жоқ емес еді… ауылдас бес жігіттің ішінде ең қартаңымыз – Қаймақ, жуас та біртоға кісі ғой. «Е, өзі берген жанды құдай өзі алады да. Неге болсын бас шұлғып көнгеннен басқа амал жоқ», – деп нардың үстінде қисайып саспай жатар еді. Бура – тәпелтек кішкене жігіт. Үнемі мең-зең жүретін. Өзінің тым аласа, қауқарсыздығынан жасқана ма, жоқ болмаса бізге жұмбақтылау қиялмен басы қатып жүре ме, тура алдына келіп: «Бураш, хал қалай?» – деп дауыстағаныңша байқамас еді. ыржия күліп бетіңе қарайтын да, «аман-аман» деп иегін қағып, өте шығар еді. ал Қожақ аусар мінезді, өзінен басқаның барлығы саңырау адамдай даңғырлап сөйлейтін, ашуының алды бар, арты жоқ. маған үйірсегі де сол, бір төсекте жатамыз, бір қаңылтыр аяқтан тамақ ішеміз.

аудан орталығы Серовтан әскерге шақырған қағаз келген сайын бұтына жібере қорқатын Құмырай ғана… Әрине, бәріміз де елеңдей, атымыз қашан аталар екен деп, адамдық жүрекпен сасқалақтап қаларымыз рас, бірақ Құмырай құсап қалшылдап кетпейтінбіз; ол аяқ-қолы дірілдеп, аузындағы шылымын шайнап-шайнап жіберетін; бір отырып, бір тұрып есі қалмай тықыршитын.

– Құмеке-ау, мыңдаған азамат соғысып жүр ғой. Несіне сасқалақтайсың, – дедік бірде ауылдасымыз үшін ұялып. Ол тұлан тұта ашуланды.

– Батпақ қазып жүріп батыр бола қалуын. Көрер едім к..ді, алдыңнан анталап неміс шыға келсе, былшылдамыңдар, – деп ат құйрығын кесісті. Содан былай бөлек жататын болды. Ішімізден ең алғашқы болып үйінен сәлем-сауқат алған да Құмырай, теріс қарап отырып ашты, теріс қарап отырып жалғыз өзі жеді… Ешқайсымызға дәм татырмады. Біз оның қотиын қылығына өкпелеген жоқпыз, тек Бура ғана тісін қайрап, кіжінетін. Кішкене кісінің мөңкіп, тулағаны қызық екен, титімдей ғана жұдырығын түйіп, тап-тап береді. Сонан соң өзінен-өзі ырсиып күледі.

Көктемнің алғашқы шуағы қалың орманда, қасат қарлы Орал тауларында себезгілей бастағанда, біз де ептеп сергігендей болып, қатқан денеміз жылынғандай еді. амал қанша, қашан жер кепкенше табаныңа жабысса қырғылап кетіре алмайтын сар балшыққа тап болдық. май айы туғанша ылжырап жатып алды. Қыс бойы қоныштың орнына шұлық ораған шарқай бәтеңкені сүйрелеп шыққанбыз. ал жазғытұрымғы лайсаңда кісі басы бір-бір етік берді. Оның өзі дым тартады. Үнемі кигендіктен бе, резинка етігің барып тұрған құдайдың бәлесі екен, аяғым сырқырап, қақсайтынды шығарды. Көптеген жұмысшының сіңірі тартылып қалды. Қаймақ тобанаяқ болып, дүзге әрең шығар халі бар, жарты ай жатты. Қожақ екеуміз өзімізге тиесілі азын-аулақ асымызды бөлісіп, әйтеуір қарнын аш қылған жоқпыз.

Жасырып керегі не, тамақ жағы өте нашар еді. Күніне бір мезгіл ыстық ас берген болады. Оның өзі қышымадан немесе әр- түрлі шөп-шаламнан жасалған сулы-сылпың қойыртпақ көже. Әсіресе ондай қатықсыз қара көжеге үйренбеген, аптасына бір рет ет жемесе қас-қабағы ашылмайтын қазақ жігіттері шетінен ауырып тұрды. Үсіген картоп жеген соң бет-аузың күп болып ісіп кетеді екен. ал қолға тиген тиын-сиынға сатып жер ештеңе жоқ, ол кезде сүттің жарты литрі бұрынғы бағамен жүз сом.

Саңырауқұлақ жеуге де үйрендік. алтайда аяқ астында жатқанда, байқамай басып кетсе жиіркенетін кірпияздық жайына қалды. Сөйтсек, саңырауқұлақ деген жарықтық бүкіл бір халықтың атадан келе жатқан асы екен… Бір күні сол жемісті жеуге тәуекел жасап, аузыма сала бергенде ішінен қара бас құрт шығып, жүрегім айнып… қатты ауырдым. Ішінде ештеңе қалмаған асқазаннан қан құсатын болдым.

Ішкен асым батпай, әбден зықысы кеткен маған жаны ашыды ма, Қожақ Құмырайға барды. Үйінен келген посылкада ет, қоспа бар екен деп ұзын құлақтан естігенбіз.

– Құмеке, бәріміз де бір Дәулеттің ұрпағымыз, құрдасың қан құсып ауырып жатыр. Көңілін сұрамадың деп өкпелемей- міз. Сорпаламасақ өліп қалатын түрі бар, қол басындай ет бер, қаңылтырға қайнатып берейік, – деген екен. Ол: – Тегін ет келмеске кеткен, сатамын, – деп, екі жүз сом ақша алыпты.

– Ол итті қарағайдың арасына апарып өлтіріп тастасақ қайтеді, – деп, Бура бізге қарап ыржиды.

– Әуелі тышқан өлтіріп ал. – Құмырайдың өшін жұдырықтай ғана жерлесінен алғысы келді ме, Қожақ қатты ашуланды. – атаңның аузын ұрайын, аман-есен елге оралайық, көзіне көк шыбын үймелетпесем атымды басқа қой.

– Әуелі сол елге жетіп ал, жарқыным, – деді Бура суырша аңқиттап. – Барған соң ол да қарап жатпас. Ол итті жым-жылас құртатын жер – тек қана Орал.

– Қойыңдар, – деді ересегіміз Қаймақ, – тұқымын қуалап келе жатқан мінезін өзгертем деп пе едіңдер. Кім болып туды – солай өледі. Сараңдық қанына біткен қасиет… Балталасаң да арыла алмас.

мен әңгімеге араласқан жоқпын. Жұмыршағымның басына тас байланып қалғандай батады-ай. ауық-ауық қыжылдатып, аһ деп аузымды ашсам жалын болып сыртқа шығады. Табаным күйіп, түні бойы сұп-суық жерге басып отырамын. Талығып барыпенді енді көзім ілінді ау деген кезде «жұмысқа шығыңдар» деген десятниктің айғайы естіледі. Құр сүлдерімді сүйреп, топырақ қазылған үңгірге қарай ілби аяңдаймын. Кеспелтек- теп кескен шпалдарды көлденең төсеп, қолмен сүйрейтін вагонша-қорапқа саламыз. Күн батып, әбден қас қарайғанда ғана екінші кезектегілер келеді. аузыма дәм салмаған қалпы, аш иттей бұралып жатып қаламын. Ойыма қай-қайдағы сумақы сұрақтар келеді. «Тым болмағанда Отанды қорғап, жаудың да қолынан қаза таппадым-ау. Саңырауқұлақтан ұшынып өліпті дегенді ел естісе, қандай қасірет. Үйелменімнің бетіне шіркеу, сүйекке таңба емес пе».

Барақтың іші қанша суық болғанымен соншалықты қапырық, ауа жетпей деміктіреді. Сыртқа шығып қарағай мен қайыңның иісі аңқыған таза ауамен кеудені кере дем алып, қайта кіріп келгеніңде, шуаш пен тер иісі сасыған жатар орнымыздан тұншығып өліп кете жаздайсың. адам үш күннен соң көрге де үйренеді деген емес пе, бәріне төздік, бәріне көндіктік. Егер күндіз-түні оқ бораған соғыста жүріп, жер үйде немесе ақ қар, көк мұздың үстінде түнесек қайтер едік. Олардың жанында біздің жағдай жұмақ секілді деп жұбатамын өзімді-өзім. Дегенмен әлгі «майданға алса» деген тілек күн өткен сайын санамызға сыналай кіріп, көз алдымызда көлеңдей берді. Екпіндей ұмтылып ерлік жасайын деген жымсыма қулық емес, әйтеуір, ауылдағы ағайынмен «соғысқа кеттік» деп қоштасқан соң, жаумен жағаласып көру де азаматтық борыш секілді еді.

Елден алған сәлем-сауқаты таусылып қалды ма, Құмырай соңғы күндері қабағынан қар жауып, құтырған иттей көрінгенге соқтығып өз-өзінен ызаланып жүрді. Кен орнында ең оңай деген жұмыс – динамит қойып тоң жердің үстіңгі қабатын қопару болатын. Бұл іске қауқарсыз қарттар мен ауру, әлсіз жігіттер жіберілетін. Десятниктің тілін тапты ма, Құмырай түйедей болып, осы жанға жайлы тыныш жұмысқа орналасып алған. Көрсетілген тұсты динамит қойып, бұрқ еткізіп қопарып тастайды да, темекісін құмарлана тартып, құмырсқадай қыбырлаған біздерге мұртынан күліп дем алып отырады. Арбайған ағашты аударуға шамасы жетпей, тырбыңдаған Бураға, тыныш отырмай, кесек топырақ дәлдеп, оның быж- тыж ызаланғанына қарқ болып күледі. Кешке бараққа келген соң Бура қалайда Құмырайдың көзін құртудың амалын басын қатырып ойлайды да жатады.

Көктем шыққанда көңіліміздегі кірбің тарқап, Оралдың жайқалған орман, әдемі табиғаты сірне болып қатқан сезім- түйсігімізді қытықтағандай еді. аш жүрсең де, сергек жүргенге не жетсін. Үш айлық қара жұмыстан құтыла қоймағанымен, асқазанымның ауруы аздап басылған секілді, бұрынғыдай ішкенді қайта құстырып, күндіз-түні мазаламайды, тек аш құрсаққа ас түскенде ғана ептеп қыжылдайды. Өз басымдағы үлкен жаңалық, үйден тұңғыш рет хат алдым. Кешігіп келсе де, көңілге медет, дәтке қуат. Түскі бір сағаттық үзілісте қайыңның арасына кіріп алып күбірлеп оқи бастадым.

алманың хаты: «ақаным менің! Зар еңіреп, зар жұтып, көзіме қамшы тиген жетім ботадай боздап жүргенде айны- мастай болып табысқаным менің! Денің-қарның сау ма? Біз шүкіршілік, тағдыр сыйға тарқан тарыны теріп жеп жүрміз. атам, апам, балалар, ауыл-аймақ түгелдей аман-есен. Жағдайымыз жақсы. Тамақ тоқ, көйлек көк дегендейін… Әскер семьясы болған соң, колхоздан не керек, соның бәрін алып тұрасың… Өзім қолмен ғана жұмыс істеймін. аяғы ауыр деп аспазшы тағайындап қойған. ауылдан соғысқа кеткен бірлі-жарым азаматтан шетінеу бар. Оларды келесі хатымда айтармын. апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығып тасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, аман-есен келеді деп отыр. Сенің оңай жұмысқа барғаның қандай жақсы болған. Хаттың ішінен жүз сом ақша шыққанда төбеміз көкке жеткендей қуандық. Пәселке салсақ қайтеді? Құмырайдың әйелі, жағдайлары өте нашар екен деп бала-шағасының аузындағысын жырып жолдап жіберген. ал сен семіріп алдық дейсің… майшам сөнуге айналды. Хош-сау бол.

Сені сағына күтуші, мен және үй ішің. 1942 жыл, мамыр».

– Елден тұңғыш рет арқан бойы ұзап шықпағандыкі болар, көңілім босап жыладым. алманың сойдақ-сойдақ жазуы мен үшін бүкіл Жұлдыз ауылы көшіп келгендей болып сезілді, алғаш рет жүрегім сазып, бала-шағамды өлердей сағындым. Туған жеріміз Шығыс пен соғыс болып жатқан Батыстың екі ортасындағы Орал тауы екі жаққа кезек алаңдай қараған алып түйе секілді. Біз сол алып қара нардың қомына жармасқан атымыз бар, атағымыз жоқ жұмыс әскерлеріміз. Қимыл- әрекетімізге, мұрнымызға су жетпей істеген жұмысымызға қарап, қандай қайсар жандар, деп ойлауға болар еді. Бірақ біз тіпті де олай емеспіз, дүниедегі бар жақсылықпен жамандықтан құр алақан қалған керең де кепірсіз қалған жандармыз. радио тыңдай алмадық, газет оқи алмадық, ең ақыры саяси хабардың өзін мардымсыз, тиіп-қашып өткізеді. Цех бастығы, директордың орынбасары деп аталатын кісілер құдай секілді, ақырып-бақырып ойына келгенін істейді. Жанымызға батқаны да сол – не өлім, не өмір деп бүкіл әлем арпалысып жатқанда, жер астынан шыққан жік секілді тайраңдап, оқтау жұтқандай кердеңдеп жүргендері. Жасырып керегі не, жұмысшылардың арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді. Балшықтан адам жасай алмай, қиналған шақта, осыншалық сорақылыққа жол беру, әрине, әркімді де ойландырады. арыз-арманымызды айтар жер таба алмай іштей мүжілеміз. Біз майданды көкседік. амал не, мені тағы да бронмен алып қалды.

Құмырайдың зәресін зәр түбіне жібере бір топ жігіттерді соғысқа жіберді.

Құмырай екеуміз көп болды амандаспаймыз. Бұл ескі кекті қуу, жоқ болмаса жеке бастың бақастығынан қоздаған дүрдараздық емес еді; бұл, жалпы мінездің өзгешелігі, рухы- мыздың бір қазанда қайнаса да қабыспайтын қарама-қайшы- лығы тудырған бітіспес майдан сықылды еді. Қолымызға қару алып атыспағанымыз болмаса, бір-бірімізге өзгеше дұшпанбыз, өлердей жатпыз. Егер тағдырды жалғыз ғана шана десек, сөз жоқ, ол шананы екеуміз екі жаққа сүйреп жүрміз. ағайындық та, ауылдастық та, барақтастық та дәнекер бола алмас өгейлік пен өшпенді суықтық күн өткен сайын қабына түсті. Неге? Өзім де білмеймін, көре қалсам болды өне бойымнан жылан жорғалап өткендей тітіркенемін. Қайта елде жүргенде еркін араласа беруші едік.

Елде жүргенде демекші, соғыс басталмас бұрын Жұлдыз ауылы Октябрь тойын ерекше өткізгені әлі есімде. ат жарыстырып, балуандарды күрестірді. Бас балуанға осы Құмырай шыққан. Екі иығына екі кісі мінгендей, еңгезердей жігіт беліне белбеу байлап, мықынын таяна ортада тұрды. Оның сұсынан қорықты ма, мұқым елдің ішінен суырылып ешкім шыға қоймады. маған оның көпшілікке менсінбей қарап, менменсіген түрі ұнамады. Шыдай алмадым. «Жығылсам жер көтерер» деген тәуекелмен ортаға атып шығып, алақаныма түкіріп ұстаса кеттім. Төрешілер мені әрең тоқтатты. Сөйтсем, белбеу байлауым керек екен. Құмырай әлі шіреніп тұр. Әсіресе, саған не керек дегендей, мырс етіп мысқылдай күлгені жанға батты. Белдесіп, бір-бірімізді толғай ырғап, күшімізді сынап көрдік. Ол менің құлағыма: «Жамбасың сынып қалса қайтесің, құрдас», – деп сыбырлап үлгерді. Қаумалай қоршаған халық дүрліге жақындап, күрес шеңберін тарылтып жіберді. Біз аңдысып, ал дегенде әдіс қолдана қойған жоқпыз. «Құмекең қоймайды, талай рет палуанға түскен нар емес пе», «ақан да осал емес, таутекенің асығындай шымыр әрі шапшаң» деген сөздерді еміс-еміс естіп қаламыз. «Болсаңдаршы, құдалар құсап құшақтасып жүремісіңдер», – деген сөз естілгенде, қарсыласым ежелгі тәсіліне салып, «ауп» деп мені өзіне жақындата жұлқа тартып, оң жамбасқа сала бергенде, осы сәтті табандап аңдыған мен сарт еткізіп іштен шалдым да, өзім шалқалай аударғанда, ол гүрс етіп астыма түсіп қалғаны… Әбден ызам келсе керек етқызумен: «Күш менікі, сор сенікі!», – деп басынан аттап кетіппін. Жұрт шу ете қалды. Құмырайдың ағайын-туғандары ауырсына жатып қалған жігітті жерден тік көтеріп әкетіп, ұлы айғайға, бітіспес дауға басты. «азаматымызды қорлап, басынан аттады, сүйегімізге таңба болды, ру намысына тиді, тұрысатын жерін айтсын», – деп кіжінді. Біздің Ұзақ деп аталар рудың да жігіттері мен атайын, сен тұр, өңкей бір жындысүрейлер еді, білек түріп сыбанып олар шықты. Әйтеуір, не керек, бұл дау-дамай,жанжал күні бойы басылмайды. Тіпті, екі жақтың балсыраға қызып алған бас көтерер-ау деген азаматтары колхоздың аяқ артар көлігін ұстап мініп, айылын мықтап тартып, жекпе-жекке сақадай сайлана бастады. Тымақтарының бауын байлап, сойыл, айыр, шоқпар секілді қаруларын әзірледі. Сонымен екі жақ Күркіременің жазығында кездесетін болып уағдаласты. аяқ астында туған дауды бітістіре алмаған колхоз басшылары ауданға ат шаптырып, сот пен милиция шақыртты. Сөйтіп, әрең басып еді-ау…

Міне, ол екеуміздің арамыздағы беріш болып қатқан бақас- тық осылай басталған. Қашан аяқталады, оны өзім де білмей- мін. Тегі, өлсек те көрімізде тыныш жатпаспыз… Әрқайсымыз «менікі жөн» деп жөнеле береміз де бұл дүниеден… Сырттан келген жауды жеңуге болар, ал арамыздағы ше, олардың кімдер екенін білмейміз ғой. Сырттай қарағанда бәріміз бірдейміз, бетегеден биік, жусаннан аласамыз. Ешкімнің маңдайына ақ-қарасы жазылып тумайды. Осы Орал тауында еңбек әскерінде жүрген адамдардың өзін ажыратып, жақсы, жаманға іріктеп бөлу мүмкін бе?.. Құмырай да, мен де бармын. мақсатымыз жалғыз деп мақтанғанмен, пиғылымыз басқа ғой. Оны пайымдап, зерттеп берер уақыт жоқ. Қазір, тіпті, содан бері отыз жыл асса да, шын мәнінде, қоғамға кім керегін айқындадық па… Жауды атып тастайсың, біздегілерді ше? мүмкін, олар жаудан да қауіпті шығар. алманың ішіндегі құрт секілді сыртымызды жалтырата сүртіп қоямыз…

Оралдың жазы керемет екен, алтайдан бір де кем емес, жаныңды жайсаңға бастайды. Жап-жасыл болып тамылжыған дүние: қасқая қарап тұрар қарағай, ақ балтыр, көк көйлекті қайың, теңге жапырақты терек, жайқала өскен тау шалғыны. Егер өмірдегі қайғы-мұңды ұмытып, табиғатты ғана тамашалап кетсең, мәңгі жалықтырмас жап-жарық әлемнің қойнына кіресің де, өзіңнің жер басып жүрген жұмыр басты пенде екенің, арман-мақсатың, келешектен күтер үміт-бақытың, жақсылық аңсап дүрсілдеп соққан жүрегің бар адам екенің есіңе түседі. Осылайша, орман-тоғай, тау-тасты кезіп, анау сор боп келген соғыстан, сор маңдай қылған ауыр жұмыстан безіп, бейбіт те берекелі өмірді сағынасың. Жалғанда түскі үзілістен келте, көзді ашып-жұмғанша жай оғындай шапшаңдықпен зу етіп өте шығар не бар екен… айналаңа қарап, тамашаға енді- енді тамсана бергеніңде жұмысқа шақырар қаңылтыр темір қағылады. Кеппеген жас ағаштан жасалған жас шпал мен иығыңды езіп жіберер темір жолды көтеріп, үңірейген карьерге қарай мықшыңдайсың. Сенің артыңнан тырмыса вагон итеріп басқалар ереді… арпалысқан адамдар, жанталасқан қимыл, жан тапсыра қимылдаған жұмысшылар. Таусылып бітпес қозғалыстан әбден қажыған, салдары суға кете итырықтағандар орман арасында құмырсқаша құжынайды. Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін! Әттең, сол кездегі «трудармияны» киноға түсіріп алса ғой, өкінішке орай, газеттенбіз деген бірде-бір журналистің төбесін көрген емеспіз.

Жаздың ортасына таман майданға алынған азаматтардың орнын басуға жүздеген қыз-келіншек келді.Улап-шулап, сол кезеңнің бар қайғысын, қалған-құтқан қуанышын ала келді, айналайын әйелдер… «Енді еркектерге екі есе жұмыс істеу керек шығар?» – деп ойладым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *