АЛЛАНЫҢ БАРЫ — АҚИҚАТ

«Алладан басқа жоқ Тәңір,

Мұхаммед – оның елшісі».

Соны айтып жаннат баққа кір,

Иманың – жанның емшісі.

Болуы қиын Хаққа құл,

Ібіліс болса көршісі.

Адамның көбіі жатбауыр – Заманның жалған кем тұсы.

Жер бетіндегі көп қабір – Адамның алған еншісі.

Құлдың да құлдан несі артық?

Нәпсісін түгел тыйса артық.

Зікір ғып Хақты ішінен,

Иманын кәміл жыйса артық.

Разы боп қылған ісінен,

Раббыңның өзі сүйсе артық.

Жәннаттан бір жай күтіп ең,

Кірерсің сонда күй шалқып.

Анаңның аппақ сүтінен,

Жұмақтың жұпар иісі аңқып.

Ғибадат жасап құрметпен,

Жаратқан хақтың нұрын көр.

Пайғамбар салған сүннетпен,

Жаңылмай жолдан жүріңдер.

Жұмағың жаннат, гүл-Көктем,

Тұрағың болмас жұмыр жер.

Рақым нұр жауып тұр көктен,

Танитын соны ілім бер.

Құлшылық еткен үмметке Тіршілік етер ғұмыр бер!

Өтпелі мына ғасырдың,

Өткелі қиын жол болар.

Мерейі тасып тасырдың,

Асылдың бағы кем болар.

Сынағы ол да Хакімнің,

Шүкірлік етсең жөн болар.

Есіктен кірген басыңның,

Алатын орны төр болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *