Бауыржан Момышұлының ұлағатты, нақыл, қанатты сөздері

Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.

Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.

Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.

Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемшілігі.

Ұшқынсыз от тұтанбас.

Қашу – жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.

Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.

Бұйрық – алғыр басшының ой-арманы.

Әскерсіз–қолбасшы қауқарсыз, басшысыз – әскер әлсіз.

Сын ерді шыңдайды,

Қорқақты қинайды.

Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Қорқақ – дөрекі әрі ақымақ.

Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *