ЖЕРДЕ — ДИМАШ ЖАСАЙДЫ, КӨКТЕ — ҚҰДАЙ

Менің ойымша, билікке біздің айтыстың «Қонаевтай ер қайда?!» деген аты ұнамаған сияқты.

Жүрсін Ерман. «Дат». 1 ақпан, 2012 жыл.

Бұлт төнгенде кей досың жатқа айналып,

Күн кешетін заман бұл қақпайланып.

«Қонаевтай ер қайда?!» – деген Жүрсін,

Буырқанған билікке жақпай қалып.

Намысы өліп, айналған құр сүлдеге,

Қара тобыр бұл жұртқа нұр сіңе ме?

Адалдықтың тұрса есіп ақ самалы,

Шамырқанып булықты Жүрсін неге?!

Кеудесінен көкке өрлеп күн шығатын,

Ол бар жерде қараулық тњншыгатын.

«Қонаевтай ер қайда?!» – деді ызалы,

Найзағайдай күркіреп Жүрсін ақын.

Ұлылардың барлығы ұмыт қалып,

Ұры ұлықтар жүр неге ұлықталып?

ІІІындық қалай айтылсын

Тұрса егерде,

Ақиқаттың ауызы құлыпталып.

Ескерткіші тұрса егер шың басында,

Өмір күліп ақпай ма жылғасында.

Туған елге сәулесі түгел түскен

Қонаевтай ер бар ма бұл ғасырда.

Көз жасына көп қалған жесірлердің,

Бірі, сірә, болды ма кесірлі елдің.

Ұлы рухы ұлтымның бола білген,

Ары неге тапталды есіл ердің?!

Аруақпен алысып, айқасқаны –

Билік көзін шел торлап, май басқаны.

Қонаевты мақтауға тыйым салып,

Қасарғаны сазарып қай сасқаны?!

Замананың көк мұнар тұманында,

Жүзем деме, ендеше, жылы ағында.

Құла құлан құдыққа құлағанда,

Бақа шығып ойнайтын құлағында.

Көкірегі күмбірлеп жырға толған,

Күндер қайда үй тігіп, қырға қонған.

Еңіреген ер қанша Біздің елде,

Қызғаныштың оғынан құрбан болған.

Алтын арай жарқырап келбетінде,

Бақыт сыйлап жүгірген елге күнде.

Қонаевты тарихтан өшіретін

Құдірет жоқ, ендеше, жер бетінде.

Тас атпаса егерде өткенге ұдай,

Дүмділерге артам ба өкпе бұлай.

Ел білетін, алайда, жалғыз шындық:

Жерде – Димаш жасайды, көкте – Құдай!

Рафаэль НИЯЗБЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *