Тыңдалым мәтіні

 

Бертінге дейін ауа райының маусымдық және аймақтық дәрежедегі ауытқуы қалыпты құбылыс болып келді.Алайда 1980-жылдары ғалымдар климатта әдеттен тыс бір құбылыстың болып жатқанын байқады.Орташа ғаламдық температура көтеріле бастады.Бұл үрдіс «ғаламдық жылыну» деген атпен танымал болды.

Ғаламшар тарихында Жер климаты көптеген табиғи өзгерістерге ұшырады.Бірақ бұл өзгерістің жөні бөлек.Температураның жоғарылауы мен парникті газдардың бөлінуі арасындағы тығыз байланысты көрсететін дәлелдер бар.Қазір ғалымдардың көбі осының кем дегенде бір бөлігіне антропогендік ластану кінәлі дегенге келіскендей.Кейбір есептеулер бойынша, Жер температурасы таяу жүзжылдықта 5,8 градусқа көтерілуі мүмкін. Ал өзге болжамдар температураның жоғарылауы баяу болатындығын көрсетеді.Десе де қанша уақыт алмасын, мұның салдары қатерлі болуы мүмкін. Тіптіапаттыболуығажапемес.

Температура таяу 100 жылда Цельсий бағаныбойынша кем дегенде 1,4 градусқакөтеріледі.Бұл соңғы 100 жылдағы жоғарылаудан ең кемі екі есе көп.Болашақта температураның өсуі біздің климатымызды толығымен өзгертіп, экстремалды жағдайлардың көбеюіне әкеледі.Әлем бойынша құрғақшылық, су тасқыны және қатты дауылдар болады.Ең экстремалдық болжамдар орындалса, ірі мұздықтардың еруі салдарынан теңіз деңгейі 90 сантиметрге көтеріліп, көптеген жағалаудағы жерлерді тіршілікке жарамсыз етеді.

Әлемдік климат пен экожүйенің апатты өзгерісін болдырмау үшін парникті газдардың бөлінуін тоқтатуымыз қажет.Дамушы елдердің өзге мемлекеттерді қуып жетуге талпынуы салдарынан ғаламдық энергияны тұтыну әлі де көбеюі мүмкін.Бұл – 2050 жылға қарай бүкіл әлемдегі бөлінетін парникті газдардың мөлшері екі еселенеді деген сөз.

Егер біз маңызды өзгерістерді қазір жасамасақ, ғаламдық жылыну одан әрі жалғасып, апатты салдарға әкелуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *