Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ата-бабамыздың аңсаған ақ арманының орындалғанына биыл ширек ғасыр. Білім саласы бүгінге дейін талай өзгеріске ұшырап, түрлі реформалар енгізілгені аян. Білім саласындағы бағыттар мен даму жолдарының сан түрлі болуы да сондықтан. Біздің оқу ордамыздың негізгі мақсаттарының бірі білім мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын жұмысшы мамандар даярлау екені белгілі. Қазіргі кезде Қазақстанның, әсіресе солтүстік аймақта еңбек нарығында жоғары білікті педагог мамандарының тапшылығы пайда болды. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі – білім беру процесін ұйымдастыру ісіндегі кемшіліктер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты жағдайлар мен теориялық білім беру мен практиканың арасындағы алшақтықтың орын алуы. Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжі білімді мамандар дайындайтын колледждер қатарына жатады.
Білім беруді жаңарту – білім берудің мақсатын, құрылымын, мазмұнын, әдістері мен құралдарын, оқу үдерісін ұйымдастырудың формасын мейлінше жаңартуды көздейтін колледж ұжымы биылғы оқу жылының 23-25 мамырында институционалдық акредиттеуден өтті. Бірінші күні сыртқы эксперттік топ брифинг ұйымтастырып, колледж директорынан сұхбат алды. Жұмыс күнінің екінші ауысымында сұхбат нәтижесін талқылап, колледждің материалдық базасымен танысты және колледждің салтанат салында жұмыс берушілермен, тұлектермен сұхбат жүргізді. Бірінші күннің қорытындысы сыртқы эскперттік топ тарапынан жоғары бағаланды.
Институционалдық акредиттеудің екінші күнінің бірінші ауысымында оқытушылардың сабақтарына қатысу, практикалық орындармен танысу, студенттермен сұхаббаттасу жүргізілді. Жұмыс күнінің екінші ауысымында құжаттармен танысу, сыртық аудит бойынша есеп алу жұмыстары жүргізілді. Екінші күннің қорытындысында сыртқы эскперттік топ колледж жұмысына жоғары баға берді.
Институционалдық акредиттеудің үшінші күні эксперттік топ басшылықпен кездесіп, жабық есік аясында бағалау нәтижелерімен таныстырды. Институционалдық акредиттеуді Қазақстанның (НКАОКО) тәуелсіз бағалау агенттігі өткізді.
Институционалдық акредиттеудің жалпы қорытындысы бойынша колледж жұмысына жоғары баға берілді. Бұл кезең акредиттеудің екінші кезеңі. Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжі келесі оқу жылында акредиттеудің үшінші кезеңінен өтуді жоспарға енгізді. Өмір сүрудің басты шарты бәсекелестік болып отырған кезеңде білім саласы мамандарына талап күшеюде. Осы орайда ең бірінші акредиттеу барысында өздерінің біліктілігі мен білімділігін көрсете білген колледж ұжымына алғыс айтамын.Бағдарлама қанша жақсы тізілгенімен, оқулық көңілдегідей болып жасалғанымен, әдістемелік, дидактикалық, техникалық құралдармен ойдағыдай жабдықталғанымен, шәкірттердің көкейіне білім өздігінен құйыла салмайды. Ұстазда сөйлеу мен ойлау тетігінің ділдік бірлігі ортақ көрініс бергенде ғана сапалы, білікті шәкірт тәрбиеленеді.Шығармашылық – адам әрекетінің ең жоғары түрі, өзін — өзі дамытуының, өзін-өзі танытудың формасы.Институционалдық акредиттеу де ұжымның өзін-өзі дамытуының бір көрінісі деуге толық негіз бар. Біздің білім берудің түпкі мақсаты ұлттықмәдени құндылықтарды білімнің ажырамас бөлігі ретінде меңгерту, ана тілінің дүниетанымдық, тәрбиелік, әлеуметтік, этномәдени аспектілерін біртұтастыққа қамти отырып оқыту.
Жанайдар Мусин колледжі