Алғыс хат үлгісі

Бүгінгі таңда қоғамдағы тұлға қалыптасуына, өркенді болашаққа өрісті қадам басуда балабақшалардың қосып жатқан  үлесі зор. «Арман» балабақшасын балаларды  дярлауда озық әдістемелік технологияларды игеріп, жылдам өзгермелі уақыттың талабына сай еңбек етіп келе жатқан өзіндік беделі бар білім ордасы ретінде білеміз. Өзіндік тарихы бар білім ордасы  балаларға  дәйекті білім беріп, жас өркенді тәрбиелеп, білім берудің сара жолына түскен, бүгінгі күні биік тұғырдан көрініп жүрген облысымыздағы еңселі де беделді балабақшалардың бірегейі екені даусыз.«Арман» балабақшасы қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өтті,  жүздеген балаларды тәрбиелеп орасан зор тәжірибе жинақтады.

Білекке емес, білімге сенген заманда Қазақ елінің абыройын асқақтататын білімді, мәдениетті жастар. Шоқан Уалиханов бабамыздың «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген аталы сөзі бар.  Тәуелсіз елдің азат ойлы ұрпағына сапалы білім мен ұлттық тәрбие беріп, олардың толыққанды ұлтжанды азамат болуып қалыптасуы, елге қызмет ету ұстаздар, тәрбиешілер  үшін басты мақсат. 

Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының басты ошағы – балабақша да сөйлеген тіл мен алған тәлім тәрбие. Сондықтан да, дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, балабақша мәселесін дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп, аянбай еңбек етіп жатқан Қарағанды техника-құрылыс колледжі ұжымына шығармашылық толағай табыс, биік жетістіктер тілеймін! Ардақты да киелі білім ордасын Атаулы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып,  Оқу орнының биік шыңдардан көрінуіне, білім атты теңізде абыройлы атақпен ұзақ жүзуіне тілектес екенімді білдіргім келеді!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *