Құрметті , сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. 16 желтоқсан тарихы тереңде жатқан қазақ халқының жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Есжиып, етек жапқан бүгінгі күнде Тәуелсіздік тұғыры саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Айшықты мерекеміздің ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі болғаны егемендігіміздің берік екендігінің айғағы. 16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қолқойған Конституциялық Заңнан бастау алған Тәуелсіздігіміз жыл санап нығайып келеді.
Қазақ Елінің тәуелсіз, егеменді ел ретінде әлемге танылғанына ширек ғасырдан асты. Осы уақыт ішінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси-экономикалық реформаларының арқасында тығырықтан шығып, экономикамызды түзедік. Біз, Қазақ Елі тәуелсіздікке қол жеткізу жолында қаншама қиындықтарды басымыздан өткіздік. Бейбіт елде өмір сүріп, татулық туын жете түсініп өсіп келе жатқан жас ұрпақ айтулы мерекені қадірлеп, қастерлеп, жан-жүрегімен сезініп өсуіне жағдай жасауға мүдделіміз.
Өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымызды жеткізген күн – Тәуелсіздік күні. Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы, осы тамаша мерекемен құттықтай отыра Сiзге мықты денсаулық, ашық аспан, шат көңiл тiлеймiн. Еліміздің өсіп-өркендеуіне еткен өлшеусіз үлесіңіз бен өңіріміздің дамуына қосып жатқан орасан зор еңбегіңіз ешқашан ескерусіз қалмайды. Бүгінгі облыс басшысы ретіндегі еңбегіңіз, игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудағы биік тұлғаңыз жастарға үлгі болары анық. Келешек ұрпақ үшін жасап жатқан бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы қуаныштымын. Өмірлік күш-қуатыңыз ұзағынан болсын!