8 наурызға мерекелік дайын сценарий

 


8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған кештің сценарийі


Концерттің ресми бірінші бөлімі


1. Видеоролик
2. Фанфары
3. Жүргізушілер шығады:

І жүргізуші: — Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сененөскенбалалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймызмейраммен,
Құрметті, жананалар!

ІІ жүргізуші: — Қошкелдіңіздер, бүгінгімерекелеріңізқұттыболсын! Сіздергесарқылмайтынденсаулық, ұзақғұмыртілейміз. Осы күніөздеріңізгебағытталғантілектерперіштеніңқұлағынашалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Анадесемшешекашыпжанары,
Өмірімніңбастауаларажары.
Анадегентіршілікке пана боп,
Әрбірүйдежұлдызболыпжанады, — дейотырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді __________ береміз.


«Ақ қауырсын» поэзия клубының 3 студенті әйелдерге арналған өлеңдер оқиды.
«Әйелдер күні дейді бұл күнді»
Тұманбай Молдағалиев
«Ана Сен бақыттысың!»
Мұқағали Мақатаев
«Наз»
Маралтай Райымбек


І жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,-деген Абай бабамыз. ……………………………………………………… орындауындағы ______________ әнін қабыл алыңыздар.

Концерттің екінші бөлімі

1-эпизод

Колледж ер мұғалімдерінің 8-наурыз мерекесіне дайындығы.
Жиналыс барысында директор жекелеген тапсырма беріп, концерттің биік деңгейде өтуіне ат салысатынын айтады. Ер азаматтар «Не ұйымдастырамыз?» деген сұрақпен жүреді.

(Свет сөнеді. Экранға ер азаматтардың 8-наурыз мерекесін талқылауға құрылған Whathap конференциясынан әзілді видео көрсетіледі)
2-эпизод

Сахнада ұйымдастырушы жігіттер қыздарға не ұйымдастыру керектігі туралы талқылайды. Бірнеше сәтті әзілден соң ән айтылады. (Ән)

«Әйелдің жасы — 18». Орындайтын музыка бөлімінің бірінші курс студенті …. Берік!

3-эпизод

Ұйымдастырушы жігіттер «Ойлан тап» ойынын жүргізеді.
Жауапты:

«Тұран» триосының орындауындағы «Аяулы ана» әнін қабыл алыңыздар.


4-эпизод

Ұстаздар мен студенттерден құралған КВН командасы.
Жауаптылар:

Жабылу салатанаты

ІІ жүргізуші:

Әйел, әйел – арман әні, жол әні,
Дүниенің кешкі қоңыр самалы.
Құрметті ұстаздар, аналар, студенттер, сіздерге арналған «___________» әнін қабыл алыңыздар!

І жүргізуші:

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,
Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.
Құрметі де аяулы аналар, ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар, сіздерге арналған «Әйел – тіршіліктің гүлі» атты мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті! Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз! Сау болыңыздар!

Піспеген номер!

І жүргізуші:
Кеше де, бүгін, ертең де,
Ғаламның ғажап төрі едім.
Алысқан жауға дерт емген
Қазылып тұрған көрі едім.
Құшағың жайсаң, кел, бері,
Достықтың мәңгі кені едім.
Дархан пейілді жердегі,
Мен қазақ деген ел едім!
«Айбын» әскер патриоттық клубы мүшелері. )

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *