Еңбек демалысына шығуын құттықтау

Пәленгүл Түгенбайқызы (ұлы),Сіз Жанайдар Мусин атындағы жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінде көп жылдар қажырлы еңбек етіп, өз мамандығыңыз арқылы колледждің дамуына, өркендеуіне үлкен үлесіңізді қостыңыз!Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет бола біліп,  ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Сізге деген құрметіміз зор.

Еңбекте  қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып келесіз.Колледжегі білім көшінің алға қарай жылжуына сіздей тәжірибелі, кәсіби, өз саласының білікті маманының сіңірген  еңбегіорасан зор. Сізбойыңыздағы үлгі етер қасиеттерді өскелең ұрпаққа, шәкірттеріңізге сіңіре білгеніңіз баршаға аян. Әр адамның ұжым ішіндегі рөлінің маңыздылығын сезіндіре білдіңіз. Сіздің еңбек етудегі кәсібилігіңіз  ұстаздық  мамандығыңыздың мәртебелілігін арттырғаны анық.

Өз ісіне шын берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, қоршаған ортасына  нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін сіздей мамандар көп болсын. Колледжіміздің өркендеуі мен дамуына қосқан ерен еңбектеріңіз үшін Сізге зор алғысымды білдіріп, ізгі ниетіммен зор денсаулық, отбасыңызға бақыт,  шығармашылық табыс тілеймін.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *