Ағасы мен жеңгесін құттықтау

Арнаған құдаларға жақсы  әнін,

Біз едік кезетіндей жыр алабын.

(Ағасы мен жеңгесінің аты) болса, қонағымыз,

Бұл тойдың біз арнадық жыр-базарын.

Құдалармен  бірге талай  қырға асып.

Жібек мінез қалыппенен сырласып,

Екі жастың бақытына қуанып,

Отырайық осы тойда сыйласып.

Көңілдерде  айтылсын  көп ән, дастан,

Би-билесін тоқтамастан, тынбастан.

Ұлы тойда ұяласын туыстық,

Ізгілік боп ұя салған әу бастан.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *