Аға інінің ең қадірлі жолдас еді,
Інінің өмірдегі олжасы еді.
Ініге тілемейтін нәрсесі оның –
Қасірет, қайғы — уайым, көз жасы еді.
Жақсы менен жаманның арасында,
Аға жүрер жақсыға таласуға…
(ағасының аты) ердің аты білсек егер,
Құдалар сый көрсетер ағасына…
Құдалардың өшірмей атақ, атын,
Екі жасқа тигізіп шапағатын.
Мың жылдық құдалардың ата салтын,
Дәстүрін, көрсетейік махаббатын!