ҚҰДАЛАРҒА

Қош келдің құдай қосқан құдаларым,

Құда –туыс, құда – жекжат, құда – бағым!

Құйрық-бауыр сый ретінде тартылсын,

Орындайық құдалардың талабын.

 

Құдай қосып құда болдық біз бүгін,

Көп көрмесін құдалардың мың жылын!

Құда аттары  бас құда,

Ұлағатты адамдары бір елдің.

 

Арқалап барған бір елдің ұят, сенімін,

Сыйлаған қазақ, қызындай көріп келінін.

Батасын берген ұлы мен қатар қызына,

Әулеттің емес, анасы болсын деп елінің.

 

Балалар үшін құдалар жүрер сыйынып,

Қызығына қуанып, тойларына жиылып.

Қош көріп, бір-біріне төрін беріп,

Ілтипатпен сый көрсетіп иіліп.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *