Мыржақып дін ғылымды қатар тұтқан,
Ұлты үшін өз елінің қамын жұтқан.
Оян деп қазағына ұран салып,
Біз дағы қалмайық деп басқа жұрттан.
Дін керек ақыретті борышың иман дейді,
Ғылым керек Заманаға өнерді жиған дейді.
Осындай асыл жандар дүниеден өтіп жатар,
Өз өмірін халық үшін қиған дейді.
Сәкен жазған тар жолмен тайғақ кешу,
Сөздері хаттап кеткен бізге жету.
Көкшетау поэмасын тағы қосып,
Ұрқына бұл ақынның құрмет ету.
Секен шешен