Қаңлыға түсінік

 

Бұл жерде Қаңлыдан үш ата бар,

Қазылағаш, Қараағаш, Сәпақ деп аталар.

Ортасын қарауылдың қоныс етіп,

Арғы атасы Ұлы жүз деп аталар.

 

Бұларда ақтабанда қосылыпты,

Көп қазақ Сырдан ауып жосылыпты,

Қазақтың бастан кешкен нәубеті көп,

Қалмаққа қарғыс ауып тосылыпты.

 

Тәбітей аты шыққан биі болған,

Билердің алатұғын сыйы болған.

Әр елдің өз жақсысы елін қорғап,

Бұл сөздің қатесі жоқ ешбір жалған.

 

Бертінде Қаңлыдан Төкіш өтті,

Сөздері үлгі аларлық бізге жетті.

Жақсының қайда жүрсе алды жарық,

Төке деп білген адам құрмет етті.

 

Етекбай, Баршаменен Тәбітейім,

Сөздерін мирас етіп үлкетейін.

Жақсының өзі өлсе де сөзі қалған,

Көзі бар көкірегінде білсе деймін.

 

Бертінде Төкіш, Уахит, Аман өтті,

Мәңгүртпенен бірталай заман өтті.

Еске алып ел жақсысын атап өтсең,

Білгендей боп қаласың ата текті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *