Аманның кәрілікке айтқан мұңы

 

Кәрілік қатты соққан жынменен тең

Көз көмескі болғанда құлақ та кем.

Жастықта әрбір дертке бар ғой шипа

Кәрілікке ешбір дауа болмас, білем.

 

Қартайған соң не керек тірі болып,

Тірі жүрген нашардың бірі болып

Екі бетім шарықтай қайран нұрым

Құр сүйекке жабысты сірі болып.

 

Қара сақал жабысқан қайран иек,

Етім кетіп, сидиып қалды сүйек.

Жетпістен асып сексенге қарай кеткен соң

Бауырымызға байланды құрыс күйек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *