Сегіз би бас қосқанда ел бұлардан өсиет естігісі келіп, Асан қайғы, Бұқар жырау артына сөз қалдырды, сіздерден де сөз қалсын депті. Сонда Сегізінің айтқан сөзі:
- Тоқсан би. Алдымызда бір заман келеді
Тауықтан азаншы болады.
Қатын базаршы болады.
Бесікте жатқан жас бала
Тиыш алмас мазасыз болады.
- Қ.Қ. : Сол уақытта мал жақсысы ешкі болар
Екі ешкі бір бесті болар.
Асық ойнап жүрген жас бала
Заң орнатып, есепші болар.
- Игілік : Көп сиырды тана билейді.
Көп халықты бала билейді.
Ол баланы пәле билейді.
- Қанай би: Бір күндері жақының кетер алыстап
Атпен де, хатпен де қатынасарсың
Бір күндері қайда кеткенін біле алмай
Арманда болып қаларсың.
- Бала би Досбол: Сол күндері білім тескен таудан өтер
Қонысың ел билеген билерім.
Бытырап кетсе көп елің,
Не болар сонда күйлерің.
- Алшын Қаражігіт: Сол күндегі жігіттерді
Жақсы деп мақтап жүрерміз.
Ел басына іс түссе
Анықтап сонда білерміз.
- Сары Қырғыз Шорым би: Алдымыздағы күндерде
Әділ дұрыс таза сөз.
Етсуге көпке хат болар
Туысың кетіп алысқа, көре алмай
Біріне бірі жат болар.
Жаяменен жамбас жоқ,
Омыртқа менен жілік жоқ,
Турамшылмаған ет ас болар.
- Төле би: Осы айтқандарың рас болса,
Даладағы малды ұл алар.
Үйдегі барды қыз алар,
Ел билеген Төле би
Ұмасын басып бос қалар.