Он жастағы жасым-ай, ойнақтаған басым-ай,
20-ағы жасым-ай, жиынға кірген басым-ай,
30-дағы жасым-ай, қылыш шапқан басым-ай,
40-тағы жасым-ай, орда болған басым-ай,
50-дегі жасым-ай, ел билеген басым-ай,
60-тағы жасым-ай, бөрі болған басым-ай
70-тегі жасым-ай, жер таянған басым-ай,
80-дегі жасым-ай, сергелдең болған басым-ай
80 келді бүйірден, қалдырды ғой үйірден.
Бала тілді алмайды
Тоқал төсек салмайды
Амансың ба, Саржан-ай-депті замандасына.