Бар ма екен бұл жалғанда бауыры бүтін
Масаға шағады деп салдық түтін.
Жат аға екенсіз сізден сөз сұраймын
Қағаздан қазан ғылып күлден отын.
Ақанның жауабы
Қолыңа ұстағаның ие дерсің,
Таққаның көйлегіңе түйме дерсің.
Қағаздан қазан күлден отын қылсаң,
Сұм шолақ өтіп жатқан дүние дерсің.