Саққұлақ қартайған кезінде айтып кеткен сөзі

  

Алда бір заман келеді

Айтушы табылса, тыңдаушы табылмайды.

Тыңдаушы табылса, айтушы табылмайды.

Ырызық таста қалады,

Ақыл жаста қалады.

Айдын шалқар көл суалса сағада қалады,

Тон жыртылса жағада қалады.

Кейінгі жастар өссе, кәрілер керексіз болып далада қалады.

Белдеусіз үй болады,

Белгісізден би болады.

Жүгенсіз ат болады,

Ағайының жат болады- деген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *