Абай мен Қисық би

 

 Құнанбай ел ішінің бір шаруасымен 18 жасар Абайды іргелес отырған Сыбан руының Қисық биіне жібереді. Абай барғанда бидің алдында екі кісі жүгініп отыр екен. Қисық би әуелі екеуінің арызын тыңдайды да содан соң біріне зілдене қарап: Е, Боқбасарым-ай, атыңды әкең біліп қойған екен. Әлде де қанша боқ басып, ізіңді былықтырар екенсің, кәне, сөйлеші депті жауапкердің аты Боқбасар екен. Бидің зілді сөзіне жауапкер ығып, жасып қалса керек. Сонда жас Абай Қисыққа тура қарап: Биеке, бүлдірген деген жемістің аты жаман болғанмен, бүлдірген түгі жоқ. Дәмі тәтті, ат үстінен адам жерге түссе, жата қалып теріп жейді. Алма деген жеміс бар. Алма дегеніне қарамай, әркім –ақ құштарлана алып жейді. Сол сияқты әр нәрсенің адал, арамы атына байланысты емес, затына байланысты болса керек. Боқаңның атына қарамай, сөзінің затына қараңыз. Егер әр іс атына ғана тірелетін болса, турашылдық іздеп, сіздің алдыңызға келмес еді ғой депті. Бидің аты Қисық, одан түзулік тілеуге бола ма дегенге келтіріп. Сонда би үнсіз отырып қалыпты. Аздан соң даугерлерге кейін келерсіңдер депті де төмен қарап отырып қалыпты.

                                 «Мәдениет және тұрмыс» журналынан алынған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *