Ежелден күш аттыда, сөз малдыда
Ақыл айла болмайды, жоқ жарлыда.
Кедей шайқор болғаны оңбағаны
Қырсығың соңынан қалмағаны.
Қызылжар ауылында бір кедей байдың жұртынан ақша тауып алып, байыған екен. Соның үйіне Орынбай ақын қонады. Сонда бай Орынбайға мені мақтап, өлең айтшы депті. Сонда Орынбай:
Бай балпаң болғанда кедей қалтаң
Сен еліңнен шығып ең сыбай салтаң.
Қыдырдың басқан ізін басып кетіп
Алтын менен күміске толды қалтаң.