Қаз дауысты Қазыбектің сөздері
Бір күні Алшын Қаражігіт би бала кезінде Қазыбектікіне келеді. Қазыбектің қартайған кезі болу керек. Әңгімелесіп отырғанда Қазыбек Қаражігітке: Уа, балам, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады деп еді, атадан жаман ұл туса, жұрттың соңы болады деп еді. Соның қайсысы боласың?-дейді. Сонда Қаражігіт: Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады деп еді. Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз?-дейді. Иншалла, елдің қазынасымыз-депті Қазыбек.
Ендеше біз елдің туымыз-депті Қаражігіт.