Ескіде әділдігімен, адалдығымен есімі Сыр бойына жайылған Мәутен деген болған екен. Жетімнің ақысын әперіп, жесірдің дауын шешіп, ел құрметіне ие болған. Мәутенді жұрт Серке Мәутен атаған. Мәутен аласа бойлы, шағын денелі адам екен. Бірде жиын, той болып, Мәутен сонда келіп отырады. Елдің ермек іздеген өңкей жуандары төрде отырған Мәутенді көріп, уай, мынаны Серке Мәутен дегенше, неге Шәуке Мәутен демеген. Не бой жоқ, не ой жоқ, қарғаның баласындай біреу ғой-деп кедейлігін қосып, келеке қылады. Сонда Мәутен тұрып: -Дұрыс айтасыз, мырзалар, қарға болсам да өз жұртымның қолындағы құсымын. Меніңше:
Жынын шашқан қоспақтан
Көктегі ұшқан құс артық .
Пайдасы тимес залымнан
Қасарысқан жау артық.
Ақымақ, ойсыз адамнан
Жөргектегі бала артық.
Ақыл бойда емес, ойда
Сіздер ажар базарында жүргенде, мен бақ базарында қалып қойыппын-депті.