Бұқар жыраудан ақырзаман қашан болады деп сұрапты. Сондағы Бұқардың жауабы:
Жаққан отың көмір болады,
Мінген атың темір болады,
Баладан бастық болады,
Қадақтаған астық болады.
Сиыр пұл болады,
Қатын би болады,
Үй басы молла болады,
Ақырзаман сонда болады.