Ел аузынан

 

 Ертеде Павлодар облысында Көтеш ақын болыпты. Ол Айдабол руынан екен. 1760 жылдары шамасында Абылай хан заманында өткен адам болу керек шамасы. Бұл белгілі мәшһүр Жұсіп жазған сөзден Көтеш өзі кедей, сөзге бай айтқыр адам болады. Әйелі қазымыр, келіні шайпау Көтеш  қартайған шағында отбасының қызығын көре алмапты. Бірде ел көшкенде жуас атты келіні мініп, асау байталды Көтешке береді. Ол заманда ақсақал, қара сақалдар көш алдына отырады екен кеңесіп, сонда бір құрдасы Көтешке жүр тез дейді. Көтеш жүрейін десе, астында асау байтал, содан кейін қатын, бала, келінге, өзі қатарлы қарттарға:

Қартайғанда қатыным дұшпан болды

Баласымен бірігіп қысқан болды.

Келін деген бір пәле тағы шығып,

Біреуі іштен, біреуі тыстан болды.

Қартайғанда қатының қазба дейді

Келін менен балаға жазба дейді.

Ат болса, айғыр болса солар мініп,

Шолақ байтал қақбасқа азба дейді.

Бала бала деуменен мазалымыз

Баладан болар деймін ажалымыз.

Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,

Келін деген даяр тұр тажалымыз.

Сексен ерікке қоймадың-ау қалжыратып

Қайтып өлең айтайтын алжып жатып,

Сексен түгіл 90-ға болмас едім,

Ұсақ турап ет берсең балбыратып.

Кәріге жылы –жұмсақ ас жарай ма

Қазы-қарта, жал-жая, бас жарай ма,

Кәрілік мұның бәрін жақтырмайсың

Үйген топырақ, қалаулы тас жарай ма? –депті.

/ Бұл Көтештің қартайған шағында  шығарған өлеңі/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *