Қыпшақ Арғынбай шешен екен. Бірақ баласы болмапты. Бір мәжілісте Қоңырат Жайынбай би: «Сөйле, сөйле, құлағы жоқ шұнақ биім, құйрығы жоқ шолақ биім»-деп Арғынбайды кемітеді. Сонда Арғынбай тұрып:
Жақсы айтасың датқа:
Жүйелі сөз жүйесін табар,
Жүйесіз сөз иесін табар.
Сен малмен босқа мақтандың
Байлық түбі- бақыл,
Қазына түбі-ақыл.
Атадан алтау туса да, басында бір жылғыздық.
Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас,
Ит сегіз туып, елден көп болмас.
Құлағым жоқ болса ,сұңқар шығармын.
Құйрығым жоқ болса, тұлпар шығармын.
Құдайдың маған берейін десе баласы жоқ па?
Жіберейін десе саған пәлесі жоқ па?- депті.