Сырым бозбала кезінде жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, ол Малайсарымен әңгімелесіп отыр екен. «Балалар, аман ба?»-дейді де өз бетімен әңгімелесіп отыра береді. Сырым сонда жолдасына дауыстап: -Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой-дейді. Малайсары жалт қарап: — Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без-дейді. Сырнайдай сайраған мына бала кім дейді тағы.
Сонда Сырым: -Ата тұрып, ұл сөйлесе, ер жеткені болар, ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар, ата балаға кесір болса, кері кеткені болар-депті.
-Сен толған екенсің, мен тозған екенмін-деп Малайсары сырымды қасына шақырады.