Әздембай сал сөздері

 

 

Ат жүйрік, айғыр сұлу жалыменен,

Батыр мықты, бай шешен малыменен.

Итті де қинаса да иесімен,

Әркімді алсын құдай жолыменен.

 

Сыйласаң сыйласып өт туысқанды,

Біз көрдің көрместей боп суысқанды.

Тіріде сыйласа алмай өлсе жылап,

Көп көрдік көзін жаспен буласқанды.

 

Жақсымен жолдас болсаң құрметтейді,

Жаманмен жолдас болсаң көгертпейді.

Ақпейілдің аты арып, тоны тозбас,

Жалаңаш болса –дағы найза өтпейді.

 

Өкпе көп ағайының араз болса,

Міні көп ер жігіттің малы аз болса.

Адам тұрсын шайтан да жоламайды

Бір қамқор ағайыннан сабаз болса.

«Қазақ әдебиетінен»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *