Қаз дауысты Қазыбектің сөзі

 

Қалмақтың ханы Қоңтайшы қазақ елін үш рет шауып кетеді, сонда дауға барған адамдардың ішінде Қазыбек те болады. Ол әлі бала екен. Қазақтар жағынан Тайкелтір деген би сөйлейді.
Өлеңді өгізге бердік,
Өрлікті төменге бердік
Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдық, бермесең қалдық.
Бірақ сөзді өзіңе салдық-деген екен. Содан кейін қазақтар жағынан сөз айтатын кісі болмапты. Сонда Қазыбек орнынан тұрып:
Ерден ердің несі артық
Елдестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық
Бір ақ асым еті артық.
Міндетке алған сөзден,
Сөйлемеген жігіттен
Аштан өлген аюдың өті артық- депті.
Сонда хан жөніңді айтшы, атың кім дейді.
Қазыбек:
Атым Қазыбек,
әкем Келдібек,
халқым-қазақ,
руым-Қаракесек-деп жауап беріпті.

***

Үш жүздің үш биі Төле /Төре би, Мәме би, Қаз дауысты Қазыбек би бас қосып отырыпты. Орыстардың алғаш қазақ жеріне келген жылдары болуы керек. Оларды туған жерінен қуып жіберуді көздеген билер өзара жұмбақтап сөйлесіп отырыпты.
1. Төре би айтады: -Алар ма еді мына көлдің қуын атып.
2. Мәме би айтады: -Тигізе алмай жүрмейік суын атып.
3. Қаз дауысты Қазыбек айтады: Ашылмастай пәлеге қап жүрмейік, суға келген пірінің қызын атып-дейді.
Сонда Төре би айтады Қазыбекке: -Соғыспауға бетті бұрдың ғой-дейді. Қазыбек айтады:- Түбінде ғаділшілік орыста қалады, олар бізге тимесе, біз оларға неге тиеміз-депті.
«Қазақ әдебиетінен»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *