Балуан шолақтың сөзі:
«Біз жүрміз дүниенің несін біліп,
Құлшылық қылған жан жоқ есін біліп.
Дүниеге жалаңаш келіп, жаяу қайттық,
Мойынға үш қабат бөз тесіп іліп.
Бір күні қақтан хабар келе қалса,
Оң жақта тонап олар шешіндіріп.
Дүниені қанша қуып жүрсең дағы,
Ешкімді жібермейді көсілдіріп».