Шанышқылы Аманның айтқан сөзі:
«Кәрілік қатты соққан жынмен тең,
Көз көмескі болғанда құлақ та кем.
Жастықта әр бір дертке бар ғой шипа,
Кәрілікке ешбір дауа болмас білем.
Қартайған соң не керек тірі болып,
Тірі жүрген нашардың бірі болып.
Екі бетім шарықтай қайран нұрым,
Құр сүйекке жабысты сірі болып.
Қара сақал жабысқан қайран иек,
Еті кетіп сыйдиіп қалды сүйек.
Жетпістен асып сексенге қарай кеткен соң,
Бауырымызға байландық құрым күйек».