Моллалар жөнінде


Моллалар жөнінде бірер сөз айта кетейін. Молла дегеніміз дін ұстаушы Исләмнің дінін халыққа уағыздаушы адамдар. Осы моллалардың шариғат жолымен жүріп, халыққа түзу жол көрсететіндері бар, шариғатты бұрмалап өз пайдасына нәпсі билігіне ауып дүние жолымен кететіндері бар. Адам баласы болғасын бәрі бірдей бола бермейді, нәпсіге жол береді. Көрөген қариялардың айтуынша мен көрмеген екі молланы мақтайды.
Бірі — бізден бұрынырақ өткен Керей руынан шыққан Салық молла екен. Халықтың айтуынша бұл кісі сондай ғаділ, мейірімді адам болған екен деп сипаттайды. Елден алған Садақасын өзі пайдаланбай кем кетікке, жетім жесірге, аш арыққа бөліп береді дейді. Халыққа тірі кезінде сондай сенімді болған адам көрінеді. Мен осы кісінің зиратын көрдім Степняктың бер жағындағы Шоқы деген жерде. Басында белгі тасы бар.
Мен Степняктан мотоциклмен келе жатып қасымда Байтуған құдам бар сол зиратқа келе бергенде көп адам құран оқып отыр екен. Бізде тоқтап садақа салып құран оқыттық. Сол адамдар айтты Салық молланың зираты, жұма сайын келіп құран оқытамыз деп.
Зираттың топырағы жоқ әр адамдар кәдір тұтып емге алып кетеді екен. Кей адамдар басына қонып қой сойып, дұға қылып, тілек тілеп, ұрқыла жалбарынып қайтады дейді.
Маңайындағы ауылдар дүниеден нәпсіге ермей шариғатын берік ұстап, өзін дүние жолына қалай сендірсе, халықты да солай сендірген. Ғаділ ғұлама жатқан жерің жарық болсын, Алла орныңды жұмақтан жазсын.
Екінші естіген моллам Қарауыл Қабдолла деген кісі. Бұл кісі соғыс кезінде Бөгенбайда болыпты мен өзім көргенім жоқ. Сонда болған себебі жер аударғандармен сабақтас.
Ол кісінің ата қонысы Мәтеннің сырт жағы. Бұл кісінің молла атануы Бөгенбайда бір адам қайтып, сол кісінің намазына Ақсудан Әутәліп молласы болады. Молладан Қабдолла рұқсат сұрап құран оқиды, оқыған аятына риза болған Әутәліп молла аты жөнін сұрап оқуының бар екенін біліп, сол кісіні Бөгенбайға молла етіп тағайындап кетеді. Содан молла атанып ел құрметіне бөлененді. Ол кісінің қасиеті елге сенімділігі былай еді – елден түскен садақаны өзі пайдаланбай кем кетікке, нашарларға бөліп береді екен, одан қала берді садақаны жиып, елде құдық жоқ деп құдық қаздырыпты. Енді қалғаны болса бір уақыттарда жиылған ақшасына бір қой алып ақсақалдарды жиып құран шығарып. аруақтарға бағыштап, халыққа дәм беріп таратады екен. Осындай шариғат жолы деп халыққа айтушы еді, өзі істеп жол көрсетіп отырады деп айтушы еді көз көрген адамдар. Мен сол көрген қариялардан естіген сөздерімді ғана жазып отырмын.
Ал енді қариялар айтады біздің заманымызда пәлен молла, түген молла қажы өтті деп оқыған он екі пәнде бітірген деп қарияларды айтады. Соларда шариғатта нашарға жәрдемдес деп, бірақта өздері соны істемейді. Ал біздің заманымызда моллалар нашарды айтады қол қайыры шамалы, нәпсінің әуенімен кеткен адамдар. Салық, Қабдолла моллаларға алланың нұры жаусын, пайғамбардың шапағаты тисін. Әумин.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *