Нұрмағамбет қажы

 

Керей Сағынайдың Нұрмағамбеті қажы атанған кісі. Бұл кісіні паң Нұрмағамбет қажы деп атап кетіпті. Нұрмағамбет қажылыққа үш рет барған адам екен. Үшінші рет Меккеге барғанда бәйбішесін ала барыпты. Сонда бір жыл қалып екінші жылы барғандармен келіпті. Онда қалған мақсаты былай екен. Меккенің иманынан осында мен көрмеген жер бар ма деп сұрапты. Иман айтады сен көрмеген бір жер бар онда бармай ақ қой депті, неге десең сен оның айтқанын орындамасаң сауап таппайсың депті.

Айтыңыз мен сол үшін бір жыл осында қаламын батасын алып қайтайын деп өтінген соң имам айтады. Оған бару үшін бәдуә түйе жалда, жол алыс, шөлді алыс жол депті. Бәдуәмен түйені жалдап сол шөлді даламен көп жүріп естіген әулиенің еліне келіпті. Әулиенің есігінде күзеті тұрады екен, еш адамды рұқсатсыз енгізбейді екен.

Нұрмағамбет қажы сахарадан қазақ даласынан Меккеге қажылыққа үш рет келгенін айтып, осы әулиені әдейілеп іздеп Бәдиемен түйе жалдап мекнаттанып келгенін айтып Әулиеден рұқсат сұрап бер деп, күзетке айтады. Осы сөз әулиеге жеткен соң рұқсат етіп қабылдапты.

«Нұрмағамбет қажы мен сахараның қазағымын, Меккеге үш рет келдім Меккенің маңайын түгел араладым, ендігі арманым Сіздің батаңызды алайын деп әдейлеп биыл елге қайтпай қалдым. Сіз не айтсаңыз орындауға бармын» — дейді.

Сонда Әулие айтады: «Бата беремін менің айтқан шартымды орындасаң» — депті.

«Шартыңыз қандай?» — дегенде, әулие айтады: «Шаруа, мал, дүние деп еш нәрсеге көңіл бөлмейсің, ешкіммен араласпай құранды, намазды оқып оразаңды ұстап, ғибадат жолмен ғана пәрдемен отырасың. Соны орындайтын болсаң ғана батамды беремін» — депті.

Қажы орындаймын деп уәде береді. Сол жолы әулиенің батасын алып қайтыпты.

Меккеден келген соң Нұрмағамбет қажы пәрдә киіп құран, намазын оқып, оразасын ұстап, шаруаға қарамай, мал дүниеге көңіл бөлмей, ешкіммен араласпай өз бетімен ғибадатын сақтап құдай жолымен дүниеден өткен екен. Бұл кісіні жұрт паң деп атап кеткені түсінбеушіліктен шыққан сөз дейді білетіндер. Анығында паңдық емес Әулиенің батасын орындау деп айтады қариялар. Мен осы сөзді сырттай естуші едім Ералы айтты деп.

Бірде осы ақсақалды мен мешітте кездестірдім Нұрлан деген ақсақалдың намазында, сонда сол кісіден сұрағанымда осылай айтты.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *