Ақан Сері мен ақын

Ақан Серіден бір ақын қыз сұрақ сұрапты:

«Ақан аға,

Жарлыққа  не қайла тоқ болғандай,

Жалғыздыққа не қайла көп болғандай.

Алдымызда қияметтің  азабы бар,

Оған да бар ма шара  жоқ болғандай».

Ақанның жауабы:

«Барыңа қанағат қыл тоқ болғандай,

Жалғыздыққа  шүкірлік қыл көп болғандай.

Дүниеге түзу келіп, түзу өтсең,

Азабы қияметтің жоқ болғандай».

/Мына сөзді Құлмағамбет ақсақалдан естідім/

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *