Құрмалдыққа бата

 

Құрмалдық садақалы тойыңызға,

Тілекті сөз оралсын ойымызға.

Мейманның қырықтың бірі қыдыр болып,

Бақыт құс қонсын сіздің қолыңызға.

 

Құт келіп Қыдыр қонсын ордаңызға,

Ұл мен қыз өсіп-өнсін ортаңызда.

Сыйласып қос бәйтерек жасай берші,

Немере, шөберелер соныңызда.

 

Келіндер инабатты ізгі болсын,

Мейірімді, тәрбиелі көңілің толсын.

Баалы үй ордаңызда базар болып,

Баянды бастарыңа бақыт қонсын.

 

Құдалар, құдағилар сыйлас болсын,

Ағайын ауылдасын жинас болсын.

Шалынсын періштенің құлағына,

Бұл сөзім сіздерге мирас болсын.

 

Дәміңіз ортаймасын шараңыздан,

Құрмет көр ұл менен қыз балаңыздан.

Береке, ынтымақтың бірлігінде,

Сыйластық үзілмесін араңыздан.

 

Отаным отбасымен аман болсын,

Бейбітті ашық аспан заман болсын.

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалар,

Батамыз осыменен тәмам болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *